Барлық НҰРСЕРІК,
Алматы қаласы кәсіподақ жастарының жетекшісі:
Алматы қаласы бойынша барлық жоғары оқу орындары мен колледж жастарымен жұмыс істейміз. Елбасы бүгін қай салада жұмыс істесең де, сен сол саланың лидері болу керексің дегенді айттты. Биылғы жыл біз үшін үлкен мүмкіндіктер жылы. Өйткені, қазіргі уақытта жастардың арасында шешілмей келе жатқан, билікке жетпей жатқан мәселелер шешімі табылады деп сенемін.
Елбасы айтып өткен төрт үлкен мәселеден бөлек, жұмысшы жастар қазіргі уақытта жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін сол өз саласында жұмыс істеуге бейім емес. Көбісі университет қабырғасында жүрген уақытын бос өткізіп алады. Білімдері тек теориямен ғана шектелетіндіктен, практикада өздерін көрсетуге қауқарсыз, қабілетсіз болып шығады. Оның бәрі неден? Бір себебі, теория мен практиканың ұштаспауынан болады.
Ол үшін осы жастардың мәселесі көтерілетін жиналыс, конференция, форум болсын теория, құрғақ сөзбен шектелмей, практикамен ұштастыра өткізуді ұсынамын. Яғни, осыған дейінгі таныс форматты өзгерткен абзал сияқты. Мәселен, зауыт, фабрикалардың өзіне барып, сол өндірістің ішінде өткізу керек. Ол үшін түрлі салада жүрген Алматы жастарының басын қосатын ұйым қажет.
Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен жарияланған Жастар жылына орай құрған жоспарымыз көп. Жоғары оқу орындар, қаладағы колледждер, мектеп оқушыларына біз олардың мектептен кейін дұрыс мамандық таңдауына, шетелде білім алуына, жұмыспен қамтуға көп күш саламыз. Кәсіподақ болған соң әрине әлеуметтік көмектер де көрсетеміз. Елбасының қолдауымен осы жұмыстарды ары қарай кең ауқымда жалғастырамыз.