Жасөспірімдер неге өмірден түңіледі?

Жасөспірімдер неге өмірден түңіледі?

Қазақстанда кәмелеттік жасқа толмағандар арасында суицид өршіп тұр. Өткен 10 айда республикада өз-өзіне қол жұмсау әрекетінің 340 дерегі тіркелсе, оның 211-і қайғылы жағдаймен аяқталған. Бұл туралы ҚР білім және ғылым вице-министрі Махметқали Сарыбеков мәлімдеді.
Вице-министрдің сөзіне қарағанда, соңғы жылдары республикада жасөспірім­дер арасында өз-өзіне қол жұмсау оқиға­лары кең етек жайып келеді. Суицид дерек­тері ең көп тіркелген аймақтар қата­рында Шығыс Қазақстан облысы (25 оқи­ға), Алматы облысы (22 оқиға), Қарағанды облысы (21 оқиға), Оңтүстік Қазақстан облысы (19 оқиға) және Ақмола облысы (18 оқиға) бар. Кәмелеттік жасқа толма­ғандардың өзін-өзі өлімге итермелеу қадамына баруларының себеп-салдарын анықтау барысында оған, негізінен, тиісті отбасылық, қоғамдық тәрбиенің жоқтығы және моральдық, физикалық зорлық-зомбылықтың әсер ететіні белгілі болған. «Сонымен қатар жоғары сынып оқушыла­рының баланың намысына тиетін әрекет­терге бару жағдайлары да кездесіп жата­ды», – дейді Махметқали Сарыбеков.
Махметқали Сарыбеков, ҚР білім және ғылым вице-министрі:
– Өткен жылы елімізде суицидтің 244 дерегі тіркелген. Соның 202-сінің соңы кісі өліміне әкеп соқтырды. Жалпы, кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында өз-өзіне қол жұмсаушылардың басым бөлігін 12-19 жас аралығындағы жасөспірімдер құрайды. Жоғарыда аталған оқиғалар бойынша қылмыстық істер қозғалды. Алматы, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында үш мектеп директоры, екі директордың орынбасары, үш мұғалім жұмыстан босатылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста