Жаркентте жер сілкінді

Жаркентте жер сілкінді

Алматы қаласынан 258 шақырым жерде 4,6 балдық жер сілкінісі тіркелді. Қаза болғандар жоқ. Жақында ғана тағы бір күшті зілзала Алматы облысында тіркелген болатын.
Кеше күндізгі сағат 13.26-да Алматы облысының Жаркент қаласына жақын маңда жер сілкінді. «Оңтүстік астанамыз­дың солтүстік-шығысында, қаладан – 258, Жаркент қаласынан 18 шақырым қашық­тықта болған жер сілкінісінің магнитудасы 4,6 балл» деп хабарлайды Қазақстанның ұлттық мәліметтер орталығының (ҚҰМО) баспасөз қызметі.
Орталықтың мәліметтеріне сәйкес, зіл­за­ла кіндігінің координаттары: 44.47 градус солтүстік ендік және 79.67 градус шығыс бойлық, магнитудасы mpv=4.1, энергетикалық класы K=10. ҚР Сейсмо­логия институты мамандарының айтуынша, қираулар мен қаза болғандар туралы ақ­па­раттар түскен жоқ. Айта кетейік, мамыр­дың 30-ынан 31-іне қараған түні, сағат 03.20-да тағы да Алматы облысында жер дүмпуі байқалған еді. Зілзала ошағының Алматы қаласынан шығысқа қарай шама­мен 148 шақырым қашықтықта тіркелгенін АҚШ-тағы әлемдік геологиялық монито­ринг (USGS) қызметі хабарлаған болатын. Жер сілкінісі Райымбек ауданындағы Кеген елді мекені маңайында 5,7 магнитуда көрсеткішін құраған болатын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста