Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері

Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журна­листика факультетінде 4-курс студенттерінің ұйымдастыруы­мен «Жаңа медианың жаңа мүмкіндіктері» атты студенттерге арналған екі күндік медиа-тренинг өтті. Жаңа медиа технологиялары жайлы қазақтілді студенттер арасында тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған медиа-тренингке іріктеуден өткен 25 студент қатысты.
Аталмыш тренингтің негізгі мақсаты – жаңа ме­дианың мүмкіндіктерін студент­терге кеңірек таныстыру. Екі күнді қамтыған тренингте фото, аудио, видео өңдейтін бағдарламалар (picassa, audacity, videopad) әлеуметтік желілерін ұтымды пайдалану (twitter, facebook, gmail.com) блог жүргізу (kazjur.kz) жайлы келелі әңгімелер ай­тылды. Бұл мазмұнды шарада сту­дент­терге дәріс жүргізуге MediaNet Халық­аралық журналистика орталығының жоба үй­лестірушісі Дінмұхаммед Зиядин, «Қа­зақстан РТРК» веб-ресурстар бөлімі, қазақ редакциясының қызметкері Ербол Азан­бек, «Мінбер» ЖҚО төрайымы Есен­гүл Кәп­қызы, жур­налистика факультеті де­каны­ның ғылыми-инно­вациялық қызмет және халықаралық қатынастар жөнін­дегі орынбасары Қарлыға Мысаева арнайы ша­қырылды. Осы медиа-тренингте сту­дент­терге жаңа медиа және блог және оны ашу, жазба орнату туралы дәріс өткізген – Мейрамхан Жәпек: «Ұйым­дастырылған тре­нингтің студенттерге берер пайдасы мол деп білемін. Өйткені бұл жерде тек қана теория жүзінде емес, практикалық дәрістер мен қолданбалық маңызы бар дүниелер де қарастырылды. Бұл – біздің қазақ қоғамын үлкен көшке бастап бара жатқан үрдістің белгісі. Ақпарат әлеміндегі жаңа мүмкіндіктер мен жаңа ізде­ністерден қазақ жастары мен болашақ журналистер шет қалмауы керек. Қазіргі уақыттың өзі бізді жаңа медиа көшіне ілесуге үндейді. Сондықтан бізге әлемдік тәжірибелерді үйрене отырып, қазақстандық жаңа мо­дельдерді жасап шығару маңызды мін­деттердің бірі болып саналады», – деді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста