Жамбыл облысы қымызмұрындық мерекесін ұйымдастырды

Қымызмұрындық-бие байлап,алғашқы қымыз ішу рәсімі. Думанды той маусым айынан шілдеге дейін жалғасады. Бұл кезде бие байланып, қымыз жиналып ағайын-жекжат бірін-бірі қымызға шақырады.

Өңірде биыл мұндай халықаралық деңгейдегі «Қымызмұрындық» алғаш рет ұйымдастырылды. Шараға Түркия, Қытай, Қырғызстан елдері де қатысты. Мерекеге жиналған халық арнайы тігілген ақшаңқай киіз үйлерге кіріп, әр өңірдің қымызынан дәм татты.Шараны ұйымдастырған «Заң» ЖШС мерекенің «Қазақ хандығының 550 жылдығына» да арналғанын атап өтті. Бұл серіктестік алғаш рет қымызды дайындау тәсіліне авторлық құқық, инновациялық патент және сертификат алып, 60 күнге дейін бұзылмай сақталатын «Хан Қымыз» деген атаумен өз өнімдерін ұсынуда.

Мерекеде қымыздан дәм тату және қазақтық ұлттық ойындары ұйымдастырылды. Қонақтар қымыз ішуден жарысып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Ойында жеңімпаз атанған Ербол Мусинов 35 секундта 18 кесе қымыз ішіп халықты таң қалдырды.

«Қымызмұрындық» ұйымдастырушылары болашақта биенің табиғи сүтінен қазақтың ұлттық рецепті бойынша жыл он екі ай, яғни тек жаз мезгілінде ғана емес, тәулігіне 1000 литрден 3000 литрге дейін таза қымыз өндіретін зауыт салуды жоспарлап отыр. Ал мұндай «Халықаралық Қымызмұрындық» енді Әулиеата төрінде жыл сайын ұйымдастырылмақ.

baq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста