ЖАЛПЫОБЛЫСТЫҚ ДИКТАНТТЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

ЖАЛПЫОБЛЫСТЫҚ ДИКТАНТТЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Сонымен, Қарағанды облысында жалпыоблыстық диктанттың қорытындысы шықты.
Бұл шараның өткізілуіне басты себеп: биыл «Тіл туралы» заңның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Яғни, 1989 жылы 22 қыркүйекте ел тарихында тұңғыш рет «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының тіл туралы» заңы қабылданды. Бұл – ана тіліміздің көкжиегін кеңейтуге бастау болған алғашқы қадам еді.
Содан бері қаншама жұмыстар атқарылды, заман талабына сай тіл саласындағы міндеттер де өзгеріп отырды. Соның бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру. 120 мыңға жуық тұрғынды қамтыған жалпыоблыстық диктант осы міндетті жүзеге асыру бағытындағы ауқымды жұмыстардың бірі.

Жалпы, диктантқа 119 мың 293 адам қатысты. Контингенті бойынша: 9103 мемлекеттік қызметші, 34996 мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері, 18539 студент, 37394 оқушы және 19261 басқа да санаттағы облыс тұрғындары.

Диктант тапсырушылардың 23848-і «өте жақсы», 59637-сі «жақсы» және 35808-і «қанағаттанарлық» бағасына ие болды. Соның ішінде студенттер (41,4%) мен мемлекеттік қызмет ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері (33,3%) «өте жақсы» бағасы бойынша жоғары нәтиже көрсетті.

Көптеген өңірлердің бірінші басшылары, мысалы Шахтинск қаласының, Ұлытау және Қарқаралы аудандарының әкімдері жалпыоблыстық диктанттың көшін өздері бастады.
Биыл мемлекеттік мекемелермен бірге «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС, «Фитохимия» ХҒӨХ» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қарағанды Су» ЖШС, «Қарағанды Жылу Сбыт» ЖШС, «Қазпочта» АҚ сынды мекемелерді де белсенді қатысқаны көңіл қуантты.
Білім, денсаулық, мәдениет, спорт басқармалары, Төтенше жағдайлар департаменті, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы, қала, аудан әкімдері мен жоғары оқу орындары қатысушылардың басым бөлігін қамтыды.
Мекемелер «үздік» деген баға беріп, диктанттың қорытынды кезеңіне ұсынған мықтылар 26 қыркүйекте бақтарын сынады.
Жаңа әліпбиді меңгерту бойынша сертификаттары бар әдіскерлер мен оқытушылардан құралған арнайы жұмыс тобы 200 адамның жұмысын қарап, ішінен ең үздік 28 диктантты таңдап алды (диктант тапсырушылардың жұмыстары «орфография/ тыныс белгісі» бойынша жіберген қате саны бойынша бағаланды).

Соның ішінде Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының бас маманы Омаров Ұлан, Қарағанды облысының Полиция департаментіне қарасты Оңтүстік-шығыс полиция бөлімінің жетекші маманы Искакова Индира, Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің маманы Каримова Ақерке бірінші орынға ие болды.
Екінші орынға Егешова Айым, Сәрсенбаева Дарина, Есенгелді Ақбота, Бекзат Айару, Қалибекова Гүлнұр;
- үшінші орынға Нұрмағанбетова Айгерім, Бейсенбаева Толғанай, Оспаналина Гүлстан, Аккисева Меруерт, Жасарал Құлпнай, Бергенова Фатима, Алинова Аружан, Ажмағамбет Әйгерім, Игілік Бексұлтан, Төкен Мөлдір, Оқасова Айгерім, Нұрғалиева Гүлнұр, Темірханов Дарина, Мұздыбаева Сәбира, Салмағамбетова Сымбат, Серікпай Әлима, Қожанова Данагүл, Жұмабаева Мейіргүл, Рогожина Анастасия, Киікбай Бекзат лайық деп танылды.
Барлық жүлдегерлер 1-ші орынға 30 мың, 2-ші орынға 20 мың, 3-ші орынға 10 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтармен көтермеленгенін атап өткен жөн.

Диктантқа қатысқан 200 адамның барлығы назардан тыс қалмай белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысхаттармен марапатталды. Олар бұл бастаманы келесі жылы да жалғастыру жөнінде өтініштерін білдірді.
Бір атап өтерлігі, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы өткізіп жүрген тренингтерге белсенді қатысып, жаңа әліпбиде жазу дағдыларын тұрақты жетілдіріп жүрген сот, полиция, қазынашылық, облыстық архив сынды мекемелердің де жаңа әліпбиде жазу қарымдары жоғары екені диктант барысында анық болды.
Сонымен қатар, тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлнарайым Қаңтарбекова осы диктанттың жеңімпаздарын марапаттау шарасы аясында қарағандылық тіл жанашырларына Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Алғысхатын» ресми табыстады.

Алғысхаттарға облысымыздың тіл жанашырларлары, қоғамдық белсенді тұлғалар: Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жанысбай Сүйіндік Жұмабайұлы; өлкетанушы, ардагер журналист Жанғожин Аман Жағдаұлы; "Видергебурт" неміс мәдени орталығының төрағасы, ІІ дәрежелі «Достық» орденінің иегері Кист Виктор Эдуардович, «Қазақстан кәрістері Ассоциациясы» республикалық қоғамдық Қарағанды филиалының жетекшісі Ким Лилия Михайловна, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, қазақ тіл білімі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мархаба Турсунова Ахметқалиқызы ие болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста