"Жағдай өте қиын": Роман Скляр Екібастұздағы жылу мәселесіне қатысты пікір білдірді

"Жағдай өте қиын": Роман Скляр Екібастұздағы жылу мәселесіне қатысты пікір білдірді

Премьер министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Екібастұздағы жылу мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Парламент кулуарында Роман Скляр үкімет жанындағы комиссияның Екібастұзға барғанын айтады. 

"Жағдай өте қиын. Өкінішке қарай өткен жылы жылу желісіндегі апат станция жұмысындағы тепе-теңдікті бұзды. Бұған дейін ақаулар аптасына 1-2 рет орын алса, қазір күн сайын болады. Күнделікті 3 қазандыққа дейін істен шығады және күн сайын қалпына келтіруге тура келеді. Былтыр бұл жұмыстармен 15 адам шұғылданса, қазір бұған "Средазэнергомонтаж Тресінен" және өзге ұйымдардан 130 адам жұмылдырылды. 65 адамнан екі ауысым жұмыс істейді", –  деді ол.

Қазір температура белгіленген нормадан 10-20%-ға төмен екен. 

Еске салайық, Екібастұз қаласының тұрғындары пәтерлерінде әлі тоңып отырғандарын мәлімдеген еді. Сонымен қатар электр энергиясы үшін де қыруар қаржы төлейді екен. Алайда жылытқыштарды өшіріп, электр қуатын үнемдей алмайды. Себебі қарашада жылу электр орталығында болған апаттан кейін үйлерге толыққанды жылу берілмеген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста