Халал таңбалы шұжықтан кезекті рет шошқа ДНК-сы анықталды

Халал таңбалы шұжықтан кезекті рет шошқа ДНК-сы анықталды

Астанада еркін сатылып жатқан "Халал" таңбасы бар шұжықты арнайы зертханаға апарғанда, өнімнен шошқаның ДНК-сын анықталды деп хабарлайды 7 арна.

Бұған дейін жүргізілген кейбір зерттеулер де шұжық өнімдерінде харам қоспалардың бар екендігін көрсеткен болатын. "Халал" таңбалы тауар алғаш рет Малайзияда осыдан 40 жыл бұрын пайда болыпты. Қазір бұл стандарт әлемнің 180 елінде бар. Қазақстанға келгеніне 10 жылдың жүзі. Бірақ әлі күнге оған қатысты күмәнді жайттар айтылуда.

"Тәуелсіз тексерістер болды. Сол тексерістің нәтижесінде шындығын айту керек бірнеше халал өндіретін мекеменің өнімі халалға сәйкес болмады", - дейді ҚМДБ Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелидов.

Әдетте даулы іске араласа бермейтін діни басқарма бұл жолы шыдамады. Әрине, нақты қай мекеменің өнімі таза болмай шыққанын айтпайды, бірақ, факт бар.
Отандық "Халал" индустриясының басы-қасында жүрген Марат Сәрсенбаев болса, бұл айтылғандар негізсіз деп санайды.

"Ондай компаниялар болған емес. Жай сөздер ғой. Бәрін тексердік. Шошқа етін қосқан мен күмәндәнамын. Расында да біз бәріміз бір-бірімізден күмәндануымыз мүмкін. Олар не айтып отыр? Бұл жерде басты мәселе сізде халал сертификаты бар", - дейді "Қазақстанның халал индустриясы" қауымдастығының төрағасы Марат Сәрсенбаев.

Дүкеннен халал таңбалы екі шұжық Астандағы Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығының зертханасында тексерістен өткен. Сынақ жұмыстары 9 деңгейден өтіп, 4 сағаттан соң нәтижесі де дайын болды. Нәтижесі көңілден шықпады.

"Тексеріс нәтижесінде екі шұжықтанда шошқаның ДНК-сі анықталды. Мұны халал деп айта алмаймыз. Бірақ шұжықтарда халал таңбасы болды", - деді "Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" АҚ зертхана меңгерушісі Майра Садықова.

Өз ісіне жауапсыз қарайтын мекемелер зиянын тигізе ме деп шошиды ма, әйтеуір еліміздегі үш кәсіпорын енді халал атауымен емес, муфтият ұсынған "адал" атты маркамен тауар шығаруға ниеттеніп отыр. Ал Қазақстанда "халал" сертификатын алған 600-ге тарта кәсіпорын бар.

tv7.kz

news.nur.kz


Читать полностью:  http://news.nur.kz/359973.html

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста