Ұстаздық еткен жалықпас: ардагер ұстаз ауыл мектебіндегі білім жайлы

Ауылдағы мектептердегі білім сапасы әлі күнге дейін өзекті мәселенің бірі болып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мен қала мектебінің білім алшақтығын қысқарту туралы тапсырма да берген болатын. Алайда ауылда интернет, инфрақұрылым, кадр мәселесі сынды мәселелер де жоқ емес. Дегенмен өз мамандығына берік, ұстаздықты адам атқарып жүрген мұғалімдер де баршылық, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Солардың бірі - бастауыш сынып мұғалімі Сандуғаш Шәріпова.

Ақмола облысы Біржан сал ауданы Шәймерден Қосшығұлұлы атындағы Қоғам орта мектебінің ұстазы Сандуғаш Асқарқызы өзінің ағартушы қызметке қалай келгенін айтып берді.

«Әкем пошта меңгерушісі, анам мектепте 40 жыл биологиядан сабақ берді. Отбасында 6 ағайынды болып өстік. Көптеген отбасында сияқты біздің жанұяда адалдықты басымдыққа алатын құндылықтар болды. Бауырларымыз арасында да мейірімді болу, біреудің ала жібін аттамау сынды қағидалар алғашқы орында тұратын. Жалпы мұғалім мамандығын анамның арқасында таңдадым десек те болады. Себебі кез келген қыз бала өзінің анасына қарап, ой, бой түзегісі келетіні рас», - деді Сандуғаш Асқарқызы.

Ұстаз мектеп кезінде анасының мұғалім ретіндегі тұлғасы мақтаныш сезімін ұялатқанын да айтты.

«Мұғалімнің түр-тұлғасы, оның қандай болуы керегі анам арқылы менің санамда қалыптасты. Әрине, кез келген бала өзінің ата-анасын мақтан тұтқысы, үлгі алғысы келеді. Мен үшін бұл тамаша мүмкіндік болды деп ойлаймын. Анам сияқты мен де мұғалім болғым келді. Сондықтан да мақсатты түрде болмаса да, бейсаналы түрде кішкентай кезімнен мамандығымды таңдап қойған да шығармын», - деді ол.
Осылайша, Сандуғаш Шәріпова ұстаздық деген кеменің жетегінде кетеді.

«1988 жылдан бастап Мақпал ауылында бір жыл мұғалім болып қызмет еттім. Бір жылдан кейін отбасы құруыма байланысты Қоғам орта мектебіне ауыстым. 33 жыл болды мұғалім болып қызмет етіп келемін. Бастауыш сыныбына мұғалім болу күрделі әлі жауапкершілігі мол. Әрине, бастауыш сынып мұғалімі болу үлкен шыдамдылық пен қажырлықты қажет етеді. Себебі біздің қолымызға бала мектеп табалдырығын алғаш аттап, оңды-солын енді ажыратып жатқан кезінде келеді. 4 жыл бойы оның негізін қалыптастырып, әлемге деген көзқарасына алғашқы ұстазының әсері мол болады», - деді Шәріпова.
Оның айтуынша, мұғалімге ең қажет қасиет ол – адамгершілік.

«Оқушыны өз балаңдай сүйе білу керек. Оның жанын түсіне білеуің керек. Оған білім нәрін сусындатып, қандайда бір дағдыларды қалыптастыру үшін шыдамды болуың да керек. Әрине, ұстаз бен бала арасындағы этика мәселесі де бар. Ұстаз өз оқушыларына үлгі бола алатындай білімді, білікті, салмақты әрі инабатты тұлға болуы керек деп ойлаймын. Себебі енді жетіліп келе жатқан оқушылардың дүниені қабылдауы ұстазына да қатысты болады», - деді мұғалім.
Сандуғаш Шәріпова 4 баланың анасы. Мектепте мұғалім, үйде ана болудың машақаты туралы да айтып берді.

«Бұл қиын емес деп ойлаймын. Балалардың барлығы ер жетті. Тұла бойым тұңғышым Разия эпидемиолог дәрігер, екінші ұлым Әділхан банк қызметкері, Қанай деген ұлым биыл жер қатынастары мамандығын тәмамдады. Кенже қызым Еуропада білім алып жүр. Балалардың кішкентай ауылда жетіліп, ірі мегаполистерде қоғамға үлесін қосатын іспен айналысып отыруы да мектепте алған білімнің нәтижесі деп білемін», - деді ол.
Ұстаздың айтуынша, мұғалім болу үшін де отбасының қолдауы керек.

«Жолдасым да, балаларым да үнемі мені қолдап отырады. Жолдасымның ауылда шаруа қожалығы бар. Мал, егін шаруашылығымен айналысады. Мектепке де көп жыл бойы демеушілік жасап жүр. Осындай қолдаудың нәтижесінде жемісті жұмыс істеп жатырмын деп ойлаймын», - деді маман.
Ұстаздың айтуынша, мұғалім үшін біліктілікті арттыру да үлкен маңызға ие.

«Үнемі шыңдалудың маңызы зор. Облыс, аудан, республикалық деңгейдегі курс, семинарларға барып тұрамыз. Білімнің көкжиегін кеңейтіп, газет пен журналдарды оқуымыз да үзілмейді. Себебі қазіргі заманның ағымы жылдам. Ақпарат та толассыз. Осындай қарқында мұғалімнің бәсекеге қабілетті болуы да міндет болып отыр», - деді ол.
Сандуғаш Асқарқызы Шәймерден Қосышғұлұлы атындағы Қоғам орта мектебінде 30 жылдан астам уақыт жұмысы кезінде аудан, облыс, республикалық деңгейдегі марапаттарға да ие болған.

«2005 жылы ауыл мектебінің ең үздік мұғалімі байқауына белсене қатысқаным үшін Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның атынан алғыс хат алғаным есімде. Әрине, ауыл мен қала мұғалімдерінің мүмкіндіктерін салыстыруға келмейді. Дегенмен ауылдық жердегі мектептердің білімі де кем емес. Оны орта мектептен түлеп ұшқан түлектердің жеткен жетістіктеріне қарап айтуға болады. Қазір мұғалімдерге жақсы жағдай жасап жатыр деп ойлаймын. «Ұстаздардың мәртебесін көтеру туралы» заң да қабылданды. Жалпы пандемия кезінде ең қажет мамандықтардың қадірі білінді», - деді Сандуғаш Асқарқызы.
Айта кетсек, осыдан үш жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елді мекендерді толықтай мобильді байланыспен қамтамасыз етіп, ауылдардағы мектептер мен медициналық пункттерге интернет желісін жеткізуді, сондай-ақ, олардың бағасын қымбаттатпауды тапсырған болатын. Бұл тапсырма қазір ішінара жүзеге асырылды десек те болады.

Ауылдағы мектептердің жағдайы мен инфрақұрылымын жақсарту бойынша көп өзекті мәселелер  де айтылған болатын.

Бұл бойынша ауылдық мектепте 40 жыл жұмыс істеген зейнеткер ұстаз Қаламқас Ғаббас та пікірін білдірді.

«Ауыл мен қала мектептері арасында айырмашылық айтарлықтай бар. 40 жыл ауылдық мектепте жұмыс істеген мен үшін бұл жаңалық емес. Ауылда білікті мамандардың жетіспей, бір мұғалімнің бірнеше пәннен сабақ беру жағдайы да кездеседі. Білікті мамандар көп жағдайда ауылдық мектептерге жұмыс істеуге келе бермейді. Себебі, көп жастар ауылда инфрақұрылым мен қолайлы өмір сүруге жағдай жоқ деп есептейді. Оларға мектепте берілетін еңбекақы мөлшері де аз болып көрінуі мүмкін», - деді ол.
Оның айтуынша, Мемлекет басшысының білім саласына қатысты көтерген мәселелердің барлығы өзекті.

«Ауылдарда қашықтан оқыту да қиынға соққаны белгілі. Өйткені, желі әрқалай жұмыс істейді. Кейбір ауылдарда мүлдем желі ұстамайтынын да білеміз. Ал, қалада оқушылар қалаған ақпаратына интернет арқылы қол жеткізе алады. Олардың сол үшін білім сапасы да жоғары, көкжиектері де кең болады. Сондықтан ауылдағы білім сапасын арттыруға Президенттің өзі ден қойғаны қуантады. Бұл болашақ ұрпақтың сапасын арттыруға мүмкіндік береді», - деді Қ.Ғаббас.
Марья Айдарбаева

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста