Установка музыкальных шумовых полос на трассе Нур-Султан - ЩучинскҚазақстанда "әуендететін" жол салынды
"Нұр-Сұлтан &ndash Щучинск" автомобиль жолында музыкалық шу жолақтары орнатылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖол" АҚ баспасөз қызметі.
Мұндай технология Қазақстанда алғаш рет қолданылып отыр. Пилоттық жоба жол жүру қауіпсіздігі саласына жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылған.
"Жобаны жүзеге асыру барысында Германия, Корея, АҚШ пен Жапония елдерінің тәжірибесі ескерілді", - делінген хабарламада.
"Әуендететін" жолдар жүргізушілерге төтенше қауіпті учаскелерде жылдамдықты азайтуға көмектеседі. Музыка автокөліктің дөңгелектері мен суық пластиктен жасалған шу белгісі жанасқанда шығады. Көлік шу жолағымен сағатына 90 километр жылдамдықпен жүрген жағдайда, әуен дыбысты өзгертеді. Осылайша жүргізушінің назарын аударып, жүру жылдамдығын азайтуға әсер етеді.
Эксперименттің нәтижесі бойынша "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ алдағы жылы өзге де республикалық жолдарға музыкалық жолақтар орнатпақ.
Оқи отырыңыз: "Нұр-Сұлтан &ndash Щучинск" ақылы жол уческесінде көпір қирағалы тұр &ndash видео 
Айта кетейік, шу жолақтары &ndash бедерлі сызықтар түріндегі арнайы жол белгісі. Мұндай жолақтар жылдамдықты асыру, шаршау мен рөлде ұйықтап қалу салдарынан болатын жол апатын болдырмау мақсатында салынады. Олардың үстімен өткенде діріл пайда болып, жүргізушілердің сергіп алуына көмектеседі.