Ұрланған заттарды сатып алғандар да жазаға тартылады
Әлеуметтік желі мен сайттарда әртүрлі техникалардың, сондай-ақ бренд заттарды төмен бағамен ұсынған көптеген хабарландыру пайда болды. Сатылымға шыққан бұл тауарлар еліміздегі аласапыран сәтте тоналған заттар болуы әбден мүмкін, бұл үшін заңда жаза қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осындай қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату қылмыстық жауапкершілікке әкеліп соқтырады.
ҚР ҚК-нің 196-бабына сәйкес көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату 160 АЕК-ке (490 080 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегу, не болмаса 160 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту, не болмаса 40 тәулікке қамауға алу бойынша жазаланады.
Бірнеше рет жасалған тура осындай әрекеттер үшін 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына жегу, не болмаса, 200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту, не болмаса 50 тәулікке қамауға алу көзделген.
2022 жылдың мәліметі бойынша, елімізде 1 АЕК 3063 теңгені құрайды.