Оқиға желісі Қазақстан Республикасының әскер қатарындағы әуе десанттарының тұрмыс-тіршілігі мен ерліктері негізінде өрбиді. Олар Отан үшін жанын қиып, өз борышын батылдық пен орындап, еліміздің тыныштығын қорғауға бел буады.
Шығармашылық ұжым бұл туындыда әуе десанттарының қызығы мен қиындығы мол болғандықтан, көрермендердің зор қошеметіне бөленеріне сенімді. Бұл ретте ескере кететін жайт, елімізде бұрын-соңды осы тақырыпқа байланысты телехикая түсірілмеген. Өз кейіпкерлерін сомдаған талантты актерларымыздың қатарында Байғали Есенәлиев, Мұрат Ахманов, Мерей Маханов, Мақсұр Серіков, Жалын Тілеубергенов, Олжас Жақыпбек және т.б. бар. Олардың экран алдындағы өнеріне көрермендеріміздің өздері баға бере жатар. Телехикаяны түсірген – «Махаббат тәлкегі», «Қош бол, Гүлсары» (режиссердің көмекшісі), «Ана жүрегі» сынды туындыларымен белгілі болған қазақ режиссері Ержан Рүстембеков.
Ұлттық арнада – «Көк тарландары»
Последние статьи автора