Үлгілі шаңырақ иелері шақырылды

Үлгілі шаңырақ иелері шақырылды

Елімізде тұңғыш рет аталып өткен Отбасы күніне орай Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов Талдықорған қаласында өңірдегі бірқатар үлгілі отбасыларды қабылдап, облыс әкімінің атынан құттықтады. Амандық Баталов өз сөзінде бірқатар статистикалық деректер келтірді.
Облыста 440 мың отбасы болса, соның 333 мыңы ауылда, 107-сі қалада тұрады. Отбасында орта есеппен төрт адамнан бар. Тұрмысы төмен және аз қамтылған отбасыларды қолдауға бөлінетін қаржы­ның мөлшері де өңірде жылдан жылға артып отыр. Үстіміздегі жылы бүгінге дейін мыңға жуық отбасына 84,2 млн теңге атау­лы әлеуметтік көмек, 13294 отбасына 392,8 млн теңгеге жәрдемақы төленген. Сол сияқты облыс әкімінің гранты бо­йын­ша тұрмысы төмен отбасыларынан шық­қан 379 студент жоғары және орта оқу орындарында тегін білім алуда.
Кездесуге келгендердің қатарында отасқандарына 70 жылға жуықтаған ата-апалар мен жаңадан шаңырақ көтерген жастар, отбасылық үлгідегі балалар үйле­рі­нің ата-аналары, спортшылар мен дәрі­герлер әулеттері де бар. Бұл салтанатты қабылдау отбасындағы ұрпақтар сабақ­тастығын паш етті. Мәселен, жақында «Гау­һар тойын» атап өткен Дүйсенбай ақ­са­қал мен Ләйлә апа үйелмелі-сүйелмелі үлкен әулеттің басы болып отыр. Шаңы­рақтарындағы сегіз баланың әрқайсысы бүгінде өз алдына отау құрып, алды шөбе­ре сүйіп те үлгерген. Ұйымдастырушылар осын­дай берекелі шаңырақ иелерін кейінгі жастарға үлгі етіп, қабылдауға арнайы ша­қыр­ғандарын айтады.
Ал «Айналайын» балалар үйінде тәр­бие­леніп, кейін жүрек қалауымен бас қос­қан Айдос пен Дана Байдалиевтер де об­лыс басшылығының қабылдауында бо­лып, өз ізгі тілектерін жеткізді.
Жиын соңында қонақтарға естелік сый­лықтар тарту етілді.
Айдос БАЙДАЛИЕВ, жас отағасы:
– Мен көзімді ашқалы балалар үйінде тәрбиелендім. Отбасым болса, ата-ананың жылуын көрсем деп ар­ман­дап өстім. Енді өзім тартқан сол жан азабын балаларым көрмесе екен деймін. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген сөздің растығына көзім жетіп келе­ді. Қазір І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде бі­лім алып жүрмін. Сонымен қатар жұ­мыс та істеймін. Үйге қалжырап шар­шап оралғанда алдымнан күліп шық­қан қызымды көргенде барлық қиын­дықты, шаршағанымды ұмытып кете­мін. Балаларымның болашағы үшін өмірдің қандай қиындығына болса да төтеп беруге әзірмін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста