Түрмеде туылған балалар темір торға қайта оралмай ма?

Түрмеде туылған балалар темір торға қайта оралмай ма?

Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, темір тордың ар жағынан бір-ақ шыққан нәзікжандыларымыз көбейіп келеді бүгінде. Олардың бірі – алаяқ, бірі – ұры, енді бірі – кісі өлтіруші. Қутақым тірлікте жанталасып жүріп аяғын жаза басқандар. Назасын да, арының қазасын да көмбеге көміп тастаған қылмыскер қыз-келіншектер тиісті жазасын алғаны дұрыс та. Дегенмен де аяқ астынан, ашу үстінде адам өлтіріп, өз үкімін өзі кескендері де бар. Ең қорқыныштысы – темір тордың ар жағында дүние есігін ашқан қара көздеріміздің көбейіп келе жатқаны...
Мың адамға шаққанда сотталғандар жөнінен әлем бойынша 17 орынды «қанжығасына бай­ла­ды» еліміз. Бүгінде елімізде бес әйелдер колониясы бар. Олар – Алматы облысы, Қарағанды, Атырау, Шы­ғыс Қазақстан облысы және Шымкентте. Осы орындарда 3 569 ақ жаулықты өз жазасын өтеуде. Алматы облысының Жауғашты ауылындағы рес­пуб­ликалық қыз-келiншектерге арналған ЛА-155/4 түзеу мекемесiнде ғана аяғы ауыр, не жас босанған әйелдер мерзімін өтейді. Түзеу мекемесi 1 100 адамға арналған. Бірақ бас бостандығынан айырылғандардың көбейіп кеткеніне байланысты бүгінде мұнда 1 421 азаматша мерзімін өтеп жа­тыр. Мұнда «Балалар қалашығы» бар. Ол 50 балаға шақталып салынған. Үш жасқа дейiнгi балалар тәрбиеленеді. Бүгінде темір торда дүниеге келген бала саны жөнінен де кейбір елдерді басып озып кеттік. ЛА-155/4-те былтыр 16 бала дүние есігін ашқан. Мұнда дүниеге келетіндердің қарасы да жыл жылжыған сайын көбейіп келеді екен. Бұрындары 20-25-тен аспайтын болса, бүгінде олардың саны 50-ден асып жығылыпты... Тағдыры талқан, болашағы беймәлім балдырғандар ештеңеден алаңсыз өсіп келеді мұнда. Бұл жердегі балалардың жақсы көретін, жиі айтатын сөздері – «рақымшылық». Әрине, аналарынан естігені. Не екенін түсінбесе де әйтеуір төрт қабырға мен темір тордан құтқаратын қасиеті бір күштей сезінеді.
Заң не дейді?
ҚР Қылмыстық кодексiнiң 72-бабында көзделгендей, сот он төрт жасқа дейiнгі баласы бар немесе аяғы ауыр аза­мат­ша­лар­дың жазасын өтеу мерзiмiн кейiнге қал­дыруға ерiктi. Алайда аса ауыр қыл­мысы үшiн бес жылдан аса мерзiмге сот­талған және жеңiлдiгi бар, яғни баласы бар әйелге сот алғашында ескерту жасап, кейіннен белгілі мерзімде бас бос­тан­ды­ғынан айыра алады. Демек, жүктi және балалы аналардың арасында мойнында аса ауыр қылмысы барлары ғана еркін­ді­гі­нен шектелуі тиіс. Сондай-ақ ҚР Қыл­мыс­тық кодексiнiң «Жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру» атты заңының 72-бабының екінші тармағында «сотталған әйел баладан бас тартса, ескертулерден кейін де қоғамдық тәртiптi бұзса, сот ұсы­ныс бойынша жазаны өтеу мерзiмiн кейiнге қалдыруды тоқтатып, сотталушы әйелдi сот үкiмiне сәйкес жазасын өтеуге жiбере алады. Және бала он төрт жасқа толғаннан кейiн немесе ол шетiнеген жағдайда, не жүктiлiгi үзiлген жағдайда сот сотталған әйелдiң мiнез-құлқына қарай оны жазаны өтеуден босатуы немесе оны неғұрлым жеңiл жазамен ауыстыруы туралы шешiм қабылдауы мүмкiн» делінген. «Жыртық ауызға жырық қасықпен су құйғандай...» болмашы жеңілдіктердің шапағаты көп сотталушыға жетпей жатыр. Кейде аса ауыр қылмыс жасағандармен қатар қарыз алып, өтей алмай қалғандардың да бірдей жазаға кесілетіні бар. Бұл – ауаны бөлек әңгіме...
Қатаң ескерту тоқтау сала ала ма?
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ИЧ 167/4 әйелдер түрмесiнiң бастығы     А.Әшiр­баевтың айтуынша, мұнда бас бостандығынан айырылған аяғы ауыр аналар Алматыдағы республикалық әйел­дер колониясына жiберiледi. Екі жылдың ішінде осы жерден алты ана сонда ауыс­ты­рылған. Сотталғандардың барлығы да еркіндікте жүргенде-ақ аяғы ауырлағандар. Мұнда келген соң бала көтеруге, әрине жол берілмейді. Заң талаптарына сай туыс­қандарымен, жолдасымен кездесудің өзін­дік белгіленген тәртіптері бар. Жеңіл жазаға кесілгендер екі сағатқа, ал ұзақ мер­зiмге кесілгендер кездесуге 1-3 тәулiкке дейiн рұқсат берiледi. Алайда сот­тал­ған­дар­дың үштен бірінің отбасы, күйеуі жоқ. Кездесуге рұқсат берілгендерге жүкті бо­лып қалмау үшін сақтандыру шараларын естен шығармау жөнінде қатаң ес­кер­тіледі.
«Балалар үйіне» барып, жетімдердің қарасын көбейтеді
Темір торда дүние есігін ашқан сәбилер аналарымен бірге «жазаларын өтеуге» міндетті. Ал туу туралы куәліктеріне «Жау­ғашты ауылы» деп мәңгілік мөр басылады. Осыдан-ақ баланың қандай орыннан екенін біле беруге болады. Бұны бала бо­ла­шағына шабылған балта деуге де бола­ды. Бостандық дегеннің не екенін олар білмейді. Темір торды қалыпты өмір деп қа­былдап үйреніп қалған. Тікенді сыммен қор­шалған қорқынышты орындағы «Бала­лар қалашығын» қаншалықты «өз әлем­дерімен безендірмек болса да» оның жан­ға ауыр тиетін темір тор деген аты бар. Ондағы балалар алаңшасы да, әсем ойын­шық­тар да суық сөздің көбесін сөгіте алмайды. Қарапайым балабақшаға ұқса­ға­нымен, бәрі бір биік-биік темір қор­шау­лар еңсені езеді... Осыны көріп өскен бала­ның ертеңгі күні осында қайтып орал­­масына кім кепіл?.. Осы уақытқа дейін темір торда өмірге келген 16 баланы ғана туысқандары алып кетіпті. Өкiнiштiсi, үш жасқа дейiн түрмеде тәрбиеленген сәби­лер­дiң көбi балалар үйiнде бiржола тұрақ­тап қалады екен. Темір тордың құрсауынан шыққаннан кейін де әйелдердiң көбісі балаларын қайтарып алғысы келмейтін көрінеді. «Тышқан ініне кіре алмай жүріп құйрығына қалжуыр байлаптының» кері дегендей, барар жері, басар тауы жоқ әйел­дерді түсінуге де болар. Туған-туыс, отбасы түгіл, қоғам тұтас теріс айналған маңдайы тайқы жандардың көбісі тура жолға түскісі келгенімен жігері жетпей, «жылы ұясына» қайтып оралып жатады. Жалпы, заң бойынша өмірге келген әр сә­биге, бір реттік көмек ретінде сыйақы, тоқ­сан сайын жәрдемақы тағайындалуы тиіс. Алайда темір тордың аржағында дүниеге келген сәбилерге мұндай жеңілдіктер бе­рі­ле ме? Темір тордағы темірдей тәртіпке бас игендер бұған жауап беруден бас тарт­ты. Сөйтсек, балалар мемлекет қам­қор­лығына алынған екен. Сұрақ көп, жауап жоқ.
Сәуле Мектепбаева, Халықаралық түр­ме реформасы ұйымының Орталық Азия­дағы өкілдігінің директоры:
– Темір құрсауда отырған әйелдер мен балаларды тым оқшаулап тастауға болмайды, олардың қоғаммен бай­ла­ны­сын нығайту керек. Сондай-ақ олар­ға отбасылық құндылықтарды дәріптеп отыруды жолға қою керек, былайша айт­қанда, әлеуметтік аспектілерге баса на­зар аударуымыз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста