Түркістандық полицейлер сенбілікке шықты
Сенбілік бұл ұжымдық рухты, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Сенбі, яғни 8 сәуір күні, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М. Қабденовтың тапсырмасымен, барлық полиция басқарма және бөлім қызметкерлері жаппай сенбілікке шықты.
Департамент қызметкерлер арнайы киімдерін күнделікті тұрмыстағы киімге ауыстырып, департаменттің ішкі және сыртқы ауласын маңын түгелдей тазартып шықты. Олар күрек пен сыпыртқыларын қолдарына алып, тазалық жұмыстарын жасады. Аумақты абаттандырумен аулалардағы шашылған қоқыстарды теріп, қоқыс жәшігіне жинады.
Келесілері ауланы сыпырып, егілген ағаш түптерін қопсытты. Енді бірі ағаштар гүлдерді суғарды. Бірнеше сағат ішінде полицейлер ғимараттың қыс айынан бері жиналған қоқыстардан маңайды тазартты.
Осындай тазалық жұмыстарын жүргізу Түркістан облысы Полиция департаментінің назарынан тыс қалған емес. Жыл сайын ұжым болып сенбілікке атсалып, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін тәртіп сақшылары осылайша тазалық үшін өз үлестерін қосуда. Мұндай бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.
ТО ПД баспасөз қызметі