Ордабасы аудандық полиция бөліміне Қайнар ауылы көшелерінің бірінде адасып жүрген жасөспірім туралы хабарлама келіп түсті. Көрсетілген мекенжайға бірден ювеналды полиция тобының инспекторлары шықты. Тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін жасөспірімді полиция бөліміне жеткізді.
Полицейлер баланың жеке басы мен ата-анасын, оның тұрғылықты мекен-жайын анықтау мақсатында жедел шараларды атқарды. Нәтижесінде полиция қызметкерлері жасөспірімнің ата-анасын тауып, оны отбасына аман-есен қайтарды.
Белгілі болғандай, денсаулығында кінәраты бар шымкенттік 12 жасар бала үйінен белгісіз бағытта шығып кеткен. Жасөспірімнің әкесі ұлын тауып, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен Ордабасы ауданының полицейлеріне үлкен алғысын білдірді.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары ата-аналарды балаларын назардан тыс қалдырмауға шақырады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі