Түркістан облысының полицейлері түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты бұзып, қарумен аспанға бірнеше рет оқ атқан бір топ адамды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері шұғыл іздестіру шараларын жүргізу барысында, оқиғаның 2022 жылы желтоқсан айының 21-інен 22-сіне қараған түні қаладағы рестобарлардың бірінің алдында болғанын анықтады. Оқиға бойынша қарумен оқ атқан 5 жас жігіттің жеке басы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар Жетісай қаласының тұрғындары болып шықты», - деп көрсетті Түркістан облыстық полиция департаменті.
Белгілі болғандай, туған күнге жиналған жастар соңында қызық үшін аспанға оқ атқан. Олардан айғақты зат ретінде ішкі істер органдарына тіркелмейтін, яғни 2 дана сигнал бергіш тапанша алынды.