Түркістан облысында «AMANAT» партиясы жастармен бірге үгіт-насихат жұмысын жүргізді
Түркістан облысында «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы жастармен бірге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев «Жастар рухы» жастар қанатының белсенділерімен жүздесті. Кездесу барысында төраға жастардың ел ісіне араласуына ерекше көңіл бөлініп отырғанын және «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында жастарға мол мүмкіндік сыйлайтын жобалар бар екенін атап өтті.
«Жастар еліміздің қозғаушы күші. Сондықтан келешегіміз кемел болсын десек, жаңа буынды елге қызмет етуге баулуымыз қажет. Тиісінше, бұл мақсатқа жету жолында «AMANAT» партиясы аянбай еңбек етеді», - деді Алтынсары Дүйсенбекұлы өз сөзінде.
Содан соң, белсенді жастармен бірге «Khanshaiym Plaza» сауда орталығындағы белгіленген орындарға үгіт құралдарын орнатты. Сонымен қатар, төраға қала тұрғындары мен сауда орталығының қызметкерлеріне үнқағаздар таратып, алдағы сайлауға белсене қатысуға және «Аманат» партиясына дауыс беруге шақырды.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді