Тұралаған туризмді қалай тірілтеміз?

Тұралаған туризмді қалай тірілтеміз?

Тас та тауар болады. Қалдық та кәдеге жарайды. Ал Жасағанның өзі тарту еткен табиғат сұлулығы қыруар қаржыға кенелтеді екен.  Статистика «дүниежүзінде туризмнің  табысы  мұнайдан түсетін табыстан  кейін екінші орын алады» дейді. Бұл ретте «АҚШ пен Франция өзге елді шаң қаптырып тұр» дейтін де – мәліметтер. «Бақсақ, бақа екен» дегендей, туризм тілін тапса, бақ екен...
Әлем елінің қазынасын  толты­рып, бюджетінің бүйірін бұлтитқан туризм индустриясы – елімізде тынысы тарылып тұрған сала. Дұ­ры­сы, туризмді дамыту көп айтыл­ға­нымен, атқарылар ісі аз болып отырған сала. Ғаламтор деректеріне жүгінсек, Қазақстан туризм бойын­ша  әлемдік рейтингте  93-орында екен.  Әлбетте, ауызды  қу шөппен сүртуге де болмас. Алғышарттар бар. Бірақ сол өрістемей, өрбімей тұр. Статистикалық деректер «елі­мізге жыл сайын 4 млн турист ат бас­ын бұрады» дейді. Есесіне, жыл сайын 5-6 млн қазақстандық жат жұрт­қа барып, қисапсыз қаржыны өзге елдің бюджетіне тастап келеді. Ал сол қаржы өзімізде қалса, та­қия­мызға тар келе ме? Әлде еліміз туристерді тартатындай табиғаттан құралақан ба? Жоқ. Шүкір,  Құдай қазаққа жер жаннаты атанған, көз тартатын көрікті табиғатты  бере сал­ған.
Ұлттық табиғи саябақтар,  ор­ман­ды  табиғи резерваттар, табиғи ес­керткіштер мен ботаникалық бақ­тар баршылық. Қожа Ахмет Яс­сауи кесенесі, Таңбалы тас петрог­ли­фтері,  Сарыарқа (Солтүстік Қа­зақ­стан даласы мен  көлдері), Нау­­рызым және Қорғалжын қо­рық­­тары ЮНЕСКО-ның бүкіләлем­дік мұралары тізіміне енген. Қай­сы­бі­рін атайық, бұл тізім мұнымен тоқ­тап қалмайды. Тек әжетке жара­та алмай жүрген кінәрат – өзімізде.
Туризмді бұл саланың мамандары жа­ғажай, спорт туризмі, экологиялық, мәде­ни-танымдық, іскерлік туризм т.б. деп жіктейді.  Бұлардың қайсысын іздесеңіз де, қазақтың ұшы-қиыры жоқ жерінен табуға болады.  Сарыарқаның сайын даласының өзінде  түризмнің түр-түріне негіз болар­лық аймақтар аз емес. Айталық, жағажай туризміне – Балқаш көлі, экологиялық туризмге – Қарқаралы, Кент, Қызыларай, Ұлытау таулары, спорт туризміне – Қарқаралы кен-орман оазисі. Бектау Ата тау тізбегінің өзгеден несі кем?!  Тек бір әттеген-айы бар.  Дамымай отыр. Мәселен, талайды тамсандырған Балқаш көлі. Жасыратыны жоқ, қызығын тек жергілікті келімді-кетімді халық қана көруде. Ән болған, жыр болған Шайтанкөлді Қар­қара­лы қандай! Ондағы ұлттық табиғат саябағы ше?!
 Қызғыштай  қорғалып қана қоймай, жұрттың игілігіне айналуға тиіс ұлттық табиғат саябағының қорықтан ерекшелігі де – осында. Онда қорық секілді кіріп-шығуға тыйым салынбайды. Керісінше, ұлттық парктерде өсімдіктер мен жануар­лардың сирек кездесетін әрі бағалы түрін сақтаумен қатар, адамдардың мәде­ни демалысын ұйымдастыратын, туризм­мен шұғылдануға мүмкіндік жасайтын орындар болады, яғни туризмді дамытуға ешкім тек демейді. Бірақ сөйте тұра, жат елдің жиһангерлері түгіл, өзіміздің   қалың жұртты Қарқаралыға қуаласаңыз да, апара алмайсыз. Себебі жолы, қызмет көрсету саласы «қолда барда алтынның қадірі жоқ­тығын» көрсетіп отыр. «Айтпаса, сөз атасы өледі». Осы арада айтпасқа амал жоқ.  Өткен жылы ғана дүниені дүбірлеткен Қасымның тойында ақын-жазушыларды  Рақымжанның қыстағына тікұшақпен апарды деседі ел. Қайбір  жетіскеннен дейсіз!  Тікұшағымыз көп болып, ақын-жазушылардың табанын жерге тигізбеуді мақсат тұтқандықтан емес. Көлік жолының кісі көргісіздігі себеп болыпты.
Ал жұмыс сапарымен  Қарқаралыға келген шетелдіктер қасиетті мекенді әлемге көрсетуге құмар екен. Бұл туралы қараған­ды­лық спорттық бағдарлаушы, спорт шебері Фаузия Өмірзаққызы айтады.
Стиген СИГЛ, Халықаралық спорттық бағдарлау федерациясының үйлестірушісі:
– Қарқаралының табиғаты өте тамаша. Спорттық бағдарлаудың әлем чемпиона­тын осы Қарқаралыда өткізіп, әлем жұр­ты­на мынадай табиғат сұлулығын көрсеткім ке­леді. Мұндай жаннат жер бетінде сирек.

Ал енді «ұлт ұясы» атанған Ұлытау өңірінің әлеуеті туралы айтпаса да болады. Мамандар мұндағы табиғи-туристік ресурс­тарды тарихи-танымдық, ғылыми-археологиялық, этникалық, экзотикалық туризм түрлерін дамытуға қолайлы деседі.
Сонымен, жұртты жарылқап жүрген туризм біздің елімізді неге қарық қыл­майды?  Зерттеулер ол үшін ең алдымен  ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың құтын қашырмай, өңін кіргізу керектігін айтады. Одан кейінгі мән берілмей жүрген мәселе – қызмет көрсету сапасы. Оның ішінде жоғары білікті мамандардың  жетіс­пеушілігі де қадамды адымға айнал­дырмай келеді. Сондай-ақ, халықаралық  сарапшылардың пікірінше, Қазақстанға жол тартқан шетелдік туристер виза алып, көші-қон  органдарында тіркелу үшін қи­нала­ды екен.  Қысқа жіп байлауға келге­ні­мен, күрмеуге келмейтіні секілді, осы тектес проблемалар аймақтағы, бүтін ел­дегі туризмнің түтінін түзу ұшырмай отыр.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА, Қарағанды

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста