Тоқаев партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша ұсынылған есепке күмән келтірді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясына нағыз көшбасшыларды белсендірек тартуды тапсырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев "Nur Otan" партиясын басқару ұсынысын оның жұмысын трансформациялау туралы шешім аясында қабылдағанын жеткізді. 

"Еліміз өз дамуының өте күрделі кезеңіне аяқ басқанын түсіне отырып, мен "Nur Otan" партиясын басқару ұсынысын ризашылықпен қабылдаймын. Бұл шешім партияны трансформациялау және бүкіл қоғамды топтастыру жөніндегі жұмысқа кірісуге дайындықтан туындады", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, Тоқаев мемлекет басшысы ретінде адал саяси бәсекелестікке кепіл болатынын мәлімдеді.

"Бұл ретте мен Мемлекет басшысы ретінде ашық әрі адал саяси бәсекелестіктің кепілі боламын. Менің конституциялық міндетім – биліктің барлық тармағының келісіп әрекет етуін және мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ету.

Алда мынадай басымдықтарға баса назар аудару міндеті тұр. Бірінші – партия қатарындағы ынтымақтастықты нығайту, қоғамның барлық құрылымдық күштерін біріктіру. Партия өз қатарына әртүрлі қоғамдық-саяси топтардың өкілдерін, отандастардың сеніміне ие нағыз көшбасшыларды белсендірек тартуы керек. Өкінішке қарай, партияда мұндай адамдардың жеткіліксіз екенін көрдік", - деді мемлекет басшысы. 

Президенттің айтуынша, қиын сәтте партияның барлық ауқымды кадрлық және адами әлеуеті, оның барлық тармақталған инфрақұрылымы толық іске қосылмады.

"Nur Otan" шынайы істердің партиясы бола отырып, оқиғалардың бел ортасында және процестердің алдыңғы шебінде болуы тиіс. Енді сырттан бақылаушының позициясында жүруге болмайды", - деді Қ. Тоқаев.

Сондай-ақ Тоқаев партия құрылымын қайта қарап және оңтайландыру арқылы өзінің ұйымдастырушылық тиімділігін арттыруы керек екенін айтты. Партия аппаратын сервистік модельге қарай құруға басымдық берілуі тиіс. 

"Атап айтқанда, партия төрағасының бірінші орынбасарының орнына атқарушы хатшы, сонымен қатар тиісті бағыттар бойынша өзге де хатшылар позициясын қарастыру керек. Партияның жанынан құрылған қоғамдық кеңестер ашық және нақты алаңдарға айналуы, оларда ең өткір тақырыптар бойынша ұсынымдар әзірленуі тиіс. Олар өзекті проблемаларды шешудің іс жүзіндегі шынайы тетігіне трансформациялануы қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ол былтырғы сайлауда Nur Otan халық сенімінің қажетті мандатына ие болғанын еске салды. Алайда, айтуынша, атқарушы билік мұны оңтайлы пайдалана алмады, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауына жол берді. Тапсырмалар, жоспарлар мен міндеттер қағаз күйінде ғана қалды.

"2021 жылдың қорытындысы бойынша үкімет партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша жоспарлы индикаторлар 74%-ке орындалғаны жайлы есеп берді. Бірақ бұл мәліметтер жалған емес екеніне кім кепіл береді?", - деді Тоқаев.

Ол партияның тыныс-тіршілігі сайлауалды уәделердің қаншалықты орындалғанына байланысты екенін атап өтті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста