Тоқаев Францияға Қазақстаннан заңсыз әкетілген мүлікті тәркілеуге рұқсат беретін заңға қол қойды

Тоқаев Францияға Қазақстаннан заңсыз әкетілген мүлікті тәркілеуге рұқсат беретін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Франция арасындағы Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде Ақорда жазады.

Келісімге сәйкес тараптар қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты кез келген іс жүргізуде бір-біріне барынша кең көлемде құқықтық көмек көрсетуге міндеттеледі.

Келісім жеке өмірге қол сұғылмаушылықты, хат алмасу құпиясын, тергеуге және өзара көмекке уақытша берілген адамдарға процессуалдық кепілдіктерді қарастырады.

"Франциямен құқықтық көмек көрсету туралы келісім біздің елдеріміздің құқық қорғау органдарына күдіктілер мен айыпталушылардың кінәсін дәлелдейтін дәлелдемелерді алуға, соның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат пен басқа да мүлікті тұтқындау мен тәркілеуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті бас прокуратура.

Сонымен қатар, Францияның арнайы органдары сұраныс бойынша Қазақстаннан заңсыз алынған және экспортталған мүлікті анықтап, тәркілей алады.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста