«Тоқаев - айтқанын орындайтын президент» - қоғам белсендісі
Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып сайланғанына екі жыл толды.
Әрине, реформа бар, жетістік мол!
Өзім бас болып көтеріп келе жатқан сала бойынша айтсам, Қасым-Жомарт Кемелұлы "Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік" атты сұхбаты мен "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласында көші-қон, қандастарымыз туралы арнайы тоқталып, тарихи сөз айтты.
Осы жылдың 18 қарашасында Елбасымыздың пәрменімен 1991 жылы 18 қарашада қабылданған Қазақ көші туралы тұңғыш Қаулыны еске алып, Өзінің Twitter-дегі парақшасына аталған Қаулының тарихи маңызы мен атқарған ролы туралы жазды.
Ол көші-қон туралы айтып қана қоймастан, сол сөздерінің бір бөлігін орындап та үлгерді.
Атап айтар болсақ, «Оралман» атауын «Қандас» деп өзгертті;
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстегі «ҚР шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу мен 15 тәулікке дейін қамауға алу» және «5 жыл ішінде елге кіруге тыйым салуыға» апарып соқтыратын нормаларды қандастарымызға қолданылмайтын етті;
Үкімет айқындаған өңірлерге қоныстанған қандастарымызға берілетін квотаның сомасын биылдан бастап екі есеге көбейтті;
Сонымен бірге, аталған аймақтарға қоныстанған қандастарымыз «Қандас» санатымен баспана кезегіне тұрса, олардың кезегін Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін де немесе пәтер алғанға дейін сақтау туралы тапсырма берді.
Осының бәрі Қасым-Жомарт Кемелұлының алыста жүрген қандастарына деген зор құрметі мен қамқорлығы деп білемін.
Ауыт Мұқибек