Тірі қалған киіктерді браконьерлер қырып жатыр

Тірі қалған киіктерді браконьерлер қырып жатыр

Ақтөбеде мүйіздері кесілген 60 киіктің өлексесі табылды. Жануарларды қырып салғандардың көлігінің ізі мен калибр гильзалары сол жерде қалған екен. Министр зерттеуші мамандар мен табиғи резерват басшыларына тапсырма берді.
Ақтөбе облысы Әйтекеби ауданына қарасты Са­рыат және Қырыққұдық елді мекендерінің арасында мү­йіздері кесілген 60-қа жуық атылған аталық киіктің өлексесі табылды. Жаппай қырылған жануарлардың де­нелері маусымның 12-сінде киіктерді қорғау іс-ша­ра­ларын өткізу барысында анықталған. «Киіктерді ат­қан жерде жолдың сыртында жүретін көліктің іздері мен 23 калибрлі гильзалар болды» деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қыз­ме­ті. Қазіргі уақытта оқиға орнында «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК құрамының екі автокөлігі мен сегіз инс­пек­тор­­дан тұратын мобилді тобы қызмет етуде. Министрлік қыз­меткерлерінің айтуынша, аталмыш кәсіпорын мен Ыр­ғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерватының бас­шы­ларына атылған киіктер анықталған ауданға жедел түрде  қосымша қаражат пен күш жасақтау жөнінде тапсырма берілген.  
Бақытбек ДҮЙСЕКЕЕВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің басқарма бастығы:
– Көбіне атылатын – аталық киіктер. Киіктерді қырып, мүйіздерін сату ақша табудың ең жеңіл түріне айналған. Заңға өзгеріс енгізіліп, жазалау түрі де қатал жүйеге көшті. Бірақ аңшыларды қолға түсіру жұмыстарында қиыншылықтар бар. Олардың мінген көліктері – шетелдік джиптер. Біздің ескі «Уаздар» олардың шаңдарына да ілесе алмай қалады. Жаңа заң талаптарына сәйкес, көліктер де жуық арада ауыстырылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста