Еліміздің теміржолдарынан рельстер мен шпалдар ұрланып жатыр. ҚР Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің мамандары рельс ұрлығы екі күннің бірінде тіркелетінін хабарлайды.
Мамандардың жедел мәліметіне қарағанда, Қостанай облысындағы «Бармақ – Бесағаш» өткелінде Р-50 маркалы рельстің бес метрі ұрланғаны белгілі болды. Жедел іздестіру жүргізген ішкі істердің желілік бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа күдікті ретінде екі қостанайлықты ұстады. Олардан теміржол бөліктері табылды. Қазір ұрылардың адам мен көлік қауіпсіздігіне қаншалықты нұқсан келтіргені анықталып жатыр. Осындай дерек Тобыл бекетінде де әшкереленді. Лисаковск бекетінің тұрғыны рельс кесетін ПЧ-34 техникасы мен рельс бұрғылайтын станокты ұрлап кеткен. Полицейлер оны дереу қолға түсірді. Ұрланған жабдықтардың жалпы құны 1 121 000 теңгеден асады. Шығыс Қазақстанда да теміржолдарды қақыратып кетушілер жетеді. Шемонаиха қаласы маңындағы «Рулиха – Фестивальная» өткелінде жаңадан төселген шпалдардың бес данасы ізім-ғайым жоқ болған. Ұры алыстан емес, Шемонаиханың өзінен табылды. Ол мемлекетке 22 750 теңге шығын келтіріп отыр.
Теміржол төсеніштері ұрланып жатыр
Последние статьи автора