Текелі туризмімен таң қалдыруда

Текелі туризмімен таң қалдыруда

Алматы облысына қарасты Текелі қаласы – өнеркәсіптік моноқалалардың бірі. Табиғаты туризмге сұранып тұрған шап-шағын қаланың тұрмыс тіршілігімен БАҚ өкілдерін таныстыру үшін Алматы облысы “Jetisu Media” пресс тур ұйымдастырған еді. Шара барысында Қала әкімі Батыр Молдахметов мырзамен кездестік.

Әкімнің айтуынша, Текеліде өнеркәсіптік өндірісті дамыту бойынша бірнеше мәселе бар: «Мұның себебі: өндірістік аймақта бос жерлердің болмауы, өндірістің маусымдылығы және жабдықтардың тозуы. Осыған байланысты туризм саласын қала экономикасын дамытудағы басты бағыттардың бірі деп санаймыз». Текеліні туристік ХАБ ретінде қалыптастыру үшін «URBAN STYLE» жетекшісі, елімізге танымал архитектор Любовь Нысанбаевамен келісім жасалған.

Бүгінде 34 мыңнан астам тұрғын бар Текеліде ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Айталық, қала маңында тарихы тереңнен бастау алатын Черкассай, Солдатсай және Қора шатқалдары орналасқан. Қора шатқалына кіреберісте Будда тасы бар. Шатқалдың бойымен созылған жолдың 50-шақырымында Орталық Азиядағы ең үлкен сарқырамалардың бірі – Бұрхан-бұлақ ағып жатыр.

 

Биыл жергілікті туризмді дамыту үшін Балалар мен жасөспірімдердің өлкетану және туризм орталығына 28,5 миллион теңгеге автобус, квадроцикл және шаңғы сатып алыныпты. Батыр Қайыркенұлы келешекте Текеліге Смарт сити технологиясын енгізе отырып, туристік ХАБ ретінде қалыптастыруды жоспарланып отырғанын айтты: «Қала бойынша тач скрин жүйесі бар интерактивті ақпараттық жабдықты орналастыруды және Бұрхан бұлақ сарқырамасына дейінгі барлық туристік бағыттар бойынша free Wi-Fi тегін интернетпен қамтамасыз етеміз».

Туризмді дамыту мақсатында қала аумағында 4 учаскені абаттандыруды жобалау басталған. Олардың біріншісі: LED-экран, тач скрин функциясы бар интерактивті-ақпараттық жабдық, полицияның модульдік посты, сауда павильондары, аялдама, тұрақ және санитарлық тораптар орнатумен қалаға кіруді (ауданы – 0,9 га) абаттандыру. Осы мақсатта, LED-экран сатып алу және орнату үшін 14,2 млн. теңге қаражат қажет. Екіншісі: жаяу, вело-туризм, мото-туризм, қысқы спорт түрлері, парапланеризм, құзға шығу бойынша федерацияларды орналастыруға арналған 1 гектар көлемдегі аумаққа орналасқан модульдік үй-жайлары бар “Горняцкий” шағынауданындағы жер учаскесін абаттандыру, сондай-ақ гидтер мектебін орналастыру жоспарланған. Үшіншісі: Қора өзеніндегі жарты гектарлық жердегі Бұлақты абаттандыру. Қора шатқалы бойымен Бұрхан бұлақ сарқырамасына дейінгі туристік маршрутты отандық және шетелдік туристерге насихаттай отырып, Будда тасы мен ежелгі петроглифтерге бару арқылы шағын сәулет нысандарын орнату. Төртіншісі: Текелі аумағында республика бойынша ең ұзын көше – Дінмұхаммед Қонаев атындағы көшені (ұзындығы – 38 шақырым) абатандыру . Осы мақсатта арнайы конкурс өткізіліп, «Ремстройпроект» ЖШС, “Қазақстан-Қытай мұнай-Газэнергопроект» ЖШС-мен келісімшарт жасалған.  Аталған жобларды жүзеге асыру үшін қажетті сома – 18,5 миллион теңге.

Нәзия Жоямергенқызы, Түркітілдес журналистер қоры

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста