Тек бидай өсіргеннен береке табамыз ба?

Тек бидай өсіргеннен береке табамыз ба?

Еліміздің диқандары биыл 21,3 миллион гектар жерге дән себуді көздеп отыр. Оның 70-80 пайыздайын бидай алқаптары алады. Былтырғы құрғақшылық кесірінен босап қалған қамбалар биыл толар деген үміт бар. Бірақ ғалымдар өнімнің бір ғана түріне басымдық беру, яғни тек бидай өсіру шаруаларды шаш етектен пайдаға кенелте қоймайтынын айтады. Мысалы, Канадада шаруашылықты әртараптандыру ісі ерте басталып, 1990 жылдармен салыстырғанда бидай алқаптары екі есеге жуық қысқарған, ал Қазақстанда, керісінше, жыл сайын егістік көлемі артады, бірақ одан өнімділіктің өскені байқалмайды. Бір гектар жерден алатынымыз баяғы – сол 10 центнердің ар жақ-бер жағы.
2009 жылы Қызылжар шаруалары қамбаға 6,1 миллион тонна астық құйып, рекорд иесі ата­н­ған еді. Гектар берекелігі – 15 центнерден. Ал одан кейінгі жылы диқандардың көңілдері су сеп­кендей басылды, құрғақшылық әр гек­та­рынан 10 центнерден ғана бидай алуға мәж­бүр­­леді. Осының кесірінен кейбір диқандар бел­­шесінен қарызға батты, тіпті банкрот бол­ғандары да бар. Демек, егіншілік ауа райына қатты тәуелді, бір жыл өнім болса, екінші жылы жоқ. Табатын табыс та құбылмалы. Ғалымдар ты­ғырықтан шығар жол шаруашылықты әр­та­рап­тандыру екенін айтады. «Егер олар егін­ші­лікпен мал шаруашылығын бірге алып жүр­генде, бұн­дай қиындыққа тап болмас еді», дейді олар.

Жексенбай Қасқырбаев, А.И.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты:
– Ауыл шаруашылығының экономикалық тиім­ділігін арттыру керек. Нарықта қандай өнімге сұ­раныс көп, соны өндіру керек. Қазіргі таңда майлы да­қыл­дар­дың бағасы астыққа қарағанда қымбатырақ. Са­лыс­тырып көрейік, Канадада 1990 жылдары егістік жер­лердің 45 пайызына бидай егілетін, ал Солтүстік Қа­з­ақстан облысында ол кезде 50 пайыз еді. Қазір сол­түстікамерикалықтар бидайды 27 пайызға дейін қыс­қартты, 20 пайызына мал азығын егеді, 10 пайызы – көпжылдық шөптер. Ал бізде қазір бидай алқабы 66 пайызға артты, мал азығын өсіруді мүлдем ұмыт­тық. Ал енді табыстарына келсек, канадалық шар­уа­ның табысының 30 пайызы – мал шаруашы­лығынан, ал қалған 60 пайызы егіншіліктен, оның ішінде май­­лы дақылдардан түседі. Демек, бидай шықпаған жы­­лы олар біздің диқандар сияқты жер сипап қалмайды.

Қызылжардың топырағының құнар­лылығы бонитет бағамымен есептегенде 55 балды құрап отыр. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Бірақ осының өзінен мол өнім ала алмай отырғанымыз шындық. Тағы сол канадалықтармен салыстырсақ, оларда өнімділік бізден екі еседей көп. Бізде бір гектар жерден орташа 8-10 центнер өнім алынады, ал оларда –17-20 центнер ша­ма­­сында. Ауыл шаруашылығы ғалымдары бұған шаруалардың кінәлі екенін айтады. Жер-ана да күтімді қажет етеді. Ал бізде минералды тыңайтқыштар тіптен аз қолданылады. Бүгінде облыста минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт салынып жатыр. Бар үміт – сол зауытта. Ғалымдар­дың айтуынша, жерді тыңайтқыштармен тыңай­ту арқылы өнімділікті 40 пайызға де­йін арттыруға болады екен.
Ольга Гаас, ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты:
– Көктемде тұқым сеуіп, қара күзде жинап алуға ғана келетін кез өтті. Жаңа технологиялар пайда болды. Егіншіліктің өзіндік жүйесі бар. Сапалы тұқым таңдау, дәрілеу, уақы­тында жерге сіңіру, арам шөп пен зиянды жәндіктерден қорғау және жинап алу. Осының біреуін уақытында істемесе немесе дәрілеуден ақша үнемдеп қалса, өнім шықпай қалады. Біздің жердің құнарлылығы жақсы, гектарынан 20-30 центнерге дейін астық оруға болады. Оны санаулы шаруашылықтар алып та отыр. Бірақ көбі сол ескі әдетінше екі қолды жайып, табиғаттың қолайлылығын тілеп қана жатады.
Қазақстанның жері қанша үлкен бол­ғанымен, шегі жоқ емес қой? Мысалы, Сол­түстік Қазақстан облысы территория­сының 70,5 пайызы ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Сол жерлердің 68,9 па­йызына егін егіледі, 28 пайызы – мал жа­йылымы, 0,2 пайызына шөп өседі. Тек 1,1 пайызы ғана тың күйінде жатыр екен. Егіс­тік сол аз ғана тың жерлердің есебінен жыл сайын өсіп отыр. Егер оның бәрін жыртып таста­сақ, келешек ұрпаққа не қалдырамыз? Құ­нарын жойған жерге не өсе қояр дерсіз? Сон­дықтан біздің билік астықты мол алу үшін алқапты кеңейткенше, жаңа техноло­гия­ларды қолдану арқылы өнімділікті арттырса игі.
Үлгі:
Александр Кобзев, «Янтарь-98» ЖШС директоры:
– Былтыр егін шықпай қалды. Бұл жағдай бізге қиын тиді және бо­лашақ­қа сабақ болды. Шаруашылық­қа 200 бас қазақтың ақбас сиырын сатып алдық. 250 гектар жерге көпжылдық шөп еккелі отырмыз. Ал егіс алқабының 50 пайызына ғана бидай, қалған жартысына күнбағыс бастаған майлы дақылдар себуді көздеп отырмыз. Бұл бізді ауа райына тәуелділіктен құтқарады. Егін болмаса малымызды сатып, күн көреміз. Қыста жауған қар ұшып кетпеуі үшін қар тоқтату жұмыстарын алқаптарда жүз пайыз жүргіздік. Биыл ылғал көп, өнім де ойдағыдай болар деп отырмыз.

Егіске әзірлік:
Солтүстік Қазақстан облы­сында 2 миллион гектар жерге қар тоқтату жұмыстары жүргізілді. Бұл – барлық алқаптың 43 пайызы. Қажетті 546 мың тонна тұқым дайын тұр. Тұқымның 90 пайыздан астамы – 1-2 сыныпты сапалы тұқым. Биылғы көктемгі жұмыстарға соңғы жылдары сатып алынған 900 қуатты егіс кешендері тартылады, олар барлық алқаптың 70 пайызына дән себеді. Диқандарға барлығы 63 мың тонна дизель отыны керек. Бүгінде 57 пайыз қамтамасыз етілген.

Керек-дерек
Ерте замандағы адамдар жабайы бидай орып, гектарынан 3-3,5 центнер өнім алған. Феодализм кезінде 4,5 центнерге жетті. Темір орақ жасалғаннан кейін алқаптар 7 центнер, ал ХХ ғасыр басында 8,2 центнерден өнім берді. 1970 жылдары КСРО-да 16,6 центнерден ай­налды, рекордты өнім Қырғызстанның Пржевальский тұқым учас­кесiнде тіркелді, гектарынан – 126 центнер. Бірақ бұл да шегі емес көрінеді, швед селекционері Дж. Мак-Кей бір гектар жерден 400 центнер бидай алу­ға болатынын айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста