Тәтті жеуді қалай тоқтатуға болады?

Бір қарағанда қиын болып көрінгенімен, тәтті тағамдардан бас тартуға болады.

Неліктен біз тәттілерді жақсы көреміз?
Тәттілер - қуат көзі және оларға деген махаббат табиғатпен анықталған. Ата-бабаларымыз азықтарын дүкеннен емес, табиғаттан алған. Аң аулау және терімшілік қиын әрі көп еңбекті қажет етеді.
Тамақтанудан алатын ләззат - тағамды белсенді түрде табуға мәжбүр ететін ағза механизмдерінің бірі. Тиісінше, өнім қаншалықты көп калорияға ие болып, оны дене жасушалары сіңіретін компоненттерге бөлу оңай болса, соғұрлым ол бізге ұнайды.

Қандай мөлшерде қант жеуге болады?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қант тұтынуды ас үлесінің жалпы энергетикалық құнынан 10% -ға дейін азайтуды ұсынады. ДДСҰ бұл артық салмақ пен тіс ауруының қаупін азайтады дейді. Сарапшылардың айтуынша, қантты күнделікті калорияның 5% -на дейін төмендету денсаулыққа қосымша пайда әкеледі.

Сондықтан белсенділігі төмендеу, бойы 180 см мен салмағы 70 кг отыз жастағы ер адамға күніне 60 г-нан аспайтын қант жеуге кеңес беріледі. Қазір статистикаға сәйкес, орташа есеппен алғанда 1 адам жылына 40 кг қант тұтынады екен, бұл күніне шамамен 109 г құрайды.

Өзіңізді тәттілерден қалай шектеуге болады?
1. Тұтынатын ас үлесіне күрделі көмірсулар қосыңыз.

Тәттілер ағзада қарапайым қанттарға тез ыдырайды, бұл сізге жаңа энергия көздерін іздеуге мәжбүр етеді. Дәннің бір бөлігі ақыр соңында қарапайым қантқа айналады, бірақ бұл процесс ұзаққа созылады, сондықтан сіз ұзақ уақытқа дейін тоқ болып жүресіз.

2. Қант қабылдауды біртіндеп азайтыңыз.

Шайға үш шақпақ қанттың орнына екіден, содан кейін бірден сала бастаңыз. Тәттіні серігіңізбен немесе досыңызбен бөлісіп жеңіз.

3. Тәттіні жемес бұрын ойланыңыз.

Компьютер алдында кәмпиттер, ал жүгіргенде балмұздақ жемеуге тырысыңыз. Себебі, сіз мұндай жағдайда қанша мөлшерде қант тұтынғаныңызды сезбей қаласыз.

4. Тәттілерді жеуге байланысты рәсімдерден бас тартыңыз.

Мысалы, әріптестермен бірге түстен кейінгі шай, театр буфетіндегі тәтті және т.б. 

5. Өзіңізді тәттілермен марапаттауды қойыңыз.

Бұл зиянды әдетке әкеліп соқтырады. Алдымен сіз маңызды жобаны аяқтап, торт сатып аласыз. Содан кейін сіз күйзеліс кезінде тортты жей бастайсыз, өйткені тәтті сәттілік пен қуанышпен байланысты. Тәттілерге жұмсайтын ақшаңызды, өзіңізге пайдалы іске жұмсау үшін үнемдеңіз.

6. Тәттілерге деген құмарлықтан құтылудың жолдарын ойластырыңыз.

Мысалы, 50 рет отырып тұру жаттығуын жасауға немесе шет тілінен 10 сөзді қайталауға болады. Физикалық немесе ақыл-ой күштерін жұмсағаннан кейін тәтті туралы ойламайтын боласыз.

7. Тәтті сусындардың орнына су ішіңіз.

Бір банка кола құрамында 39 грамм қант бар - бұл бір адамның орташа тәуліктік тұтыну көлемінің жартысынан көбі. Ал бір стақан апельсин шырынында - 33 г.

8. Жапсырмаларды оқуды әдетке алыңыз.

Қант сіз ойламаған көптеген тағамдарда болады. Мысалы, мюсли, пісіруді қажет етпейтін тәтті ботқа, кетчуп. Оларды қантсыз ұқсас тағаммен алмастырыңыз.

9. Тоқтық сезімін сақтаңыз.

Егер сіз өте аш болмасаңыз, не жейтініңізді бақылау оңайырақ болады.

10. Тәттілерді өзіңіз дайындауға тырысыңыз.

Бұл жағдайда сіз олардың құрамындағы қант мөлшерін реттей аласыз.

11. Құрамында хром бар дәрумендерді тұтыныңыз.

Кейбір зерттеулер бойынша хром пиколинаты көмірсуларға деген құмарлықты төмендете алатындығы анықталған. Ескертетін жайт, бұл әдісті қолданбас бұрын дәрігеріңізбен кеңесіңіз.

Ерік жігеріңіз және осы кеңестер тәттілерге деген құмарлықты жеңуге көмектеседі. Белгіленген мақсаттан айнымаңыз және ағзаңыз сізге алғысын айтатын болады!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста