Тарих таңбаланған тасқа тіл бітсе, не дер еді?!

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Сарыарқаның сайын даласы ішін тартып, талай тарихты бүгіп жатыр. Дарқан далаға тіл бітсе, не дер еді? Көшпелілердің көшелі мәдениетін, өрелі өнерін, тереңге тартқан тарихын паш етер еді. Сөз жоқ, сөйтер еді! Қазақ үшін қастерлі саналған қасиетті қорымдар, таңбалы тастар, кесенелер де – көненің хабаршысы. Диалектика заңы бойынша өткендi егжей-тегжейлi бiлiп алмай, бүгiнгiге баға берiп, келешектi пайымдау, яғни өткеннiң жетiстiгi мен кемшiлiгiн, озығы мен тозығын танып, оны осы күнмен, алдағы болашақпен байланыстырмай, зиялы, көркейген ел болып қалыптасу мүмкiн емесi белгiлi. Сондықтан халықтың болашағын ойлау мүддесiнен туындайтын тума тарих пен рухани мұраларды шынайы бағалау – қазiргi кезеңде қоғамдық талап. Қағидаға айналып, бұл әрi ұлттық тәрбиенi, қоғамдық сана-сезiмдi жетiлдiретiн тарихи зерделiлiктi, бiрiздiлiк пен сабақтастықты қалыптастыратын қажеттiлiк ретiнде танылуда.
Демек, сонау ескi кезеңдерден қал­ған көненiң көзi, тарихтың жетiле түсуiне негiз болған, ежелгi далалық құн­дылықтардың шығу төркiнiн жан-жақты түбегейлi зерттеу, сонымен бiрге олардың қазiргi қоғамдағы көрi­нi­сiн, iзiн тану – архелогияға тән ерек­шелік.
Ұраны – Алаш, керегесi – ағаш, қар­ға тамырлы, киiз туырлықты ата-бабаларымыздың басынан өткерген тарихының кей дәуiр-кезеңдерiнiң на­зар­дан тыс қалған қалтарыстарына жiтi­рек ден қоя үңiлсек, тауы да, тасы да, сонау есте жоқ, ескi кезеңдердегi ғасырлар қойнауынан, әлiмсақтан сыр тарт­қандай сөйлеп қоя беретiн шежi­ресi тұнған халықпыз.
Сөз жоқ, қазiргi отандық тарих саласындағы басты тенденция сақ, скиф, ғұн тарихын тану арқылы өзiнiң бас­тау көздерiн айқындау мәселесi бо­лып отыр. Ендеше, ен даламыздан та­был­­ған дүниенің бiздi қызықтырмай, өзi­не мойын бұрғызбай қоймайтыны кә­дiк.
Сарыарқаның сыр тұнған даласынан бұрнағы жылдары екі бірдей Алтын адам табылғанда бұл топырақтың қадірін одан әрі асыра түскен-ді. Орталық Қазақ­стан­дағы шоқтығы биік аймақ, тарихи құпиялы қастерлі Қарқаралы өңірі бауырында дамыл тапқан екі бірдей Алтын адамды Алашқа бере салды.
Баға жетпес тарихи құнды жәдігерлер дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың кіндік қаны тамған және оның есімі беріл­ген елді мекендегі археологтар шартты түрде «Талды – 2» атап жүрген қоры­мын­да­ғы жеті сақ патшасы қорғандарының бірі­нен қазба жұмыстары кезінде табыл­ған-ды.
Мамандардың айтуынша, сақ дәуірінен қалған жеті қорымның бесеуі тоналған.
Жасыратыны жоқ, тастағы жазулар дегенде есімізге мектепте тарих мұғалімі римдіктердің, гректердің тасқа салған суретін оқытқаны түседі. Ол Кеңес Ода­ғының күркіреп тұрған кезі. Онда қазақ тари­хын оқыту атымен жоқ. Сонда аузымыздың суы құрып, әлгі тастағы жазу-суреттерді қызықтайтынымыз бар еді. Сөйтсек, ол айдаладағы рим-гректерден бұрын өзіміздің ата-бабамыздан қалыпты. Қайдан білсін, оны бала-көңіл?! Бақсақ, қазақ даласы сыңсып тұр екен құпияға. Тасы да, тауы да, ел аузындағы жыр-аңызы да.
Өлкетанушылар таңбалы тастардың Сарыарқаның үлкенді-кішілі тауларында көптеп кездесетінін айтады. Ақтоғай ауданындағы Желтауда, Қарқаралының Жаңатоған аулы сыртындағы Кестелі таста, Мыржықта, Баянауыл жақ бетіндегі Жел­таудағы суреттер солардың бір парасы ғана деседі.

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Түрлі петроглифтер, пиктографиялық жазулар қазақтың тарихын кеңестер одағының құрылуынан бастайтын көр­со­қыр­лардың көмекейіне қорғасын құятын айғақ болғаны рас. Әйткенмен, олардың сырын ұғынуға талпынған жан сирек. Біле-білсек, бұл қатпарлы, қалың тарихтың бір-бір парақтары іспеттес. «Бiздiң тарих – бұл да бiр қалың тарих, Оқулығы жұп-жұқа бiрақ-тағы!» (Қадыр Мырза-Әлі). Ашық аспан астындағы мұндай таңбалы тастар-жәдігерлер жапанда иесіз жатыр. Содан болар, тылсымға толы қойтастарды әркім қолжаулық қылады. Өзінің, я ғашығының есімін жазып, айғыздап кеткенін де көр­генбіз. Одан бөлек ашық аспан астын­дағы көне қалалар, мавзолейлер мен кесе­нелерді де қорғайтын арнайы жүйе жоқ бізде. Тым болмаса дамыған елдегідей ескерт­пелер жазып, қоршауға алынса деген тілеу бар. Табиғаттың тосын міне­зінен аман қалған олар адамның парық­сыздығынан құрып кетпесе игі. Өйткені бұл байғұстар қорғаусыз. Назардан тыс қалып отыр. Назардан тыс қалатыны – басты қамқоршылардың жоқтығында. Айына, болмаса жылына бір келіп, бой көрсететін мамандар қолының ұзындығы шектеулі.
Осындай дүниелердің зерттелуіне не кедергі? Қайткенде мұның өрісі кеңеймек? Тарихшылар көп дүниенің көзден таса қалуын өз ісіне адал мамандардың азды­ғымен байланыстырады.
Нұртас БІРЛІКБАЙҰЛЫ, тарихшы:
– Бұл істе мәселенің бір ұшы – кадрде. Одан бөлек арнайы жүйе де қарас­ты­рылмаған. Яғни архео­логия­ның қазба жұмыстарымен айналысатын маман­ның қаттығы себеп. Тастағы жазуларды оқитын, түсінетін мамандар қажет. Онымен жатпай-тұрмай айна­лы­сатын кадр керек. Қажет болса, күзет қызметін құрса да артық етпес. Ме­нің­ше, бұл арада насихат жұмысының жоқтығы да жығылғанға жұдырық болып отырған сыңайлы.

Иә, бұл тастарда түбі бір, түркі тарихы бар. Тек зерттеуі кем түсіп тұрғанын жасырып неғылайық. Бір кездері полигон сынақ алаңына айналған өлкенің тасын­дағы таңбаларды атом бомбасы да өшіре алмапты. Сірә, Жаратқан қарға тамырлы қазақ түп-төркінін ұғынсын деп, сутекті сұмы­райдан да сақтап қалған шығар. Олай болса, бабалар тасқа жазып кеткен тарихты тану – парыз. Оны зерттеу – міндет. Сыр тұнған, қайран Сарыарқа!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста