Тарбағатайда Дәулетбай батырдың ескерткіші ашылды

Тарбағатайда Дәулетбай батырдың ескерткіші ашылды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында заманында дарабоз батыр атанған Қабанбайға сенімді серік болған, ержүректігімен, батырлығымен, шешендігімен дараланған Дәулетбай батырға ескерткіш орнатылды. Ескерткіштің ашылуына орай Ақжар ауылында батырдың жорық жолдары, өмірі туралы респубикалық ғылыми-практикалық конференция өтіп, оған еліміздің түкпір- түкпірінен жиналған қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, тарихшылар мен зерттеушілер қатысып, батыр жайындағы тұшымды ойларын ортаға салды. 

Саясаттанушы Ерлан Сайыров ер Дәулетбай бабамыз туралы Қытай мұрағаттарындағы деректерге сүйене отырып, оның аса ірі дипломат, асқан батыр болғанын, заманында елдің ішкі-сыртқы саясатына араласқанына кеңірек тоқталып, батыр мұрасының әлі де зерттеуді талап ететінін айтты. Батыр өмірін зерттеп жүрген белгілі журналист Жұмағазы Игісін Өскемен қаласының бір көшесін, Тарбағатай ауданындағы Маңырақ ауылын батырдың есімімен атау керек деген ұсыныс жасады. Ғылыми конференцияны ұйымдастыруға мұрындық болған жазушы Нұрдәулет Ақышев нар тұлғалы бабамыздың есімі ұрпақтар жадында мәңгілік қалу үшін Дәулетбайдың рухани мұрасын толықтыру, шет ел мұрағаттарында жатқан құнды жәдігерлерді алдыру, аудан орталығында мұражай ұйымдастыру мәселесін алға тартты.
Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған Тарбағатай ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев алдағы уақытта батырды мәңгілік есте қалдыру мақсатында оның есімін Маңырақ ауылына беру мәселесі шешім табатынын айтты. Ескерткіш ашылғаннан кейін батырға арнап ас беріліп, қатым түсірілді. Түс ауа ауыл сыртындағы «Бәйге төбеде» аламан бәйге ұйымдастырылды.
Батырды ұлықтаған шаралар легі «Ту ұстап, ел қорғаған - ер Дәулетбай» атты аламан айтыспен түйінделді. Сөз сайысына Абаш Кәкенов, Серік Құсанбаев, Ринат Зайытов, Құралай Камалиева сынды есімдері елге кеңінен танымал ақындармен қатар соңғы жылдары ел көзіне ерекше екпінімен түсіп жүрген баянөлгейлік Ерлан Дәулетұлы, Дарын Нұрсапаров, Дәурен Сембай, Ардабек Ақбаба, Алпыс Жақиянов, Ержан Әділбеков, Нұржанат Сыдықов, Айдын Әбішев секілді ұзын-саны 12 ақын қатысты. Айтыс қорытындысында бас бәйгені көптен бері айтыстан көрінбей кеткен Ринат Зайытов, бірінші орынды Ерлан Дәулетұлы, екінші орынды Серік Құсанбаев, үшінші орынды Дәурен Сембай иеленді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста