Талғар ауданының медициналық нысандары жылыту маусымына дайын

Талғар ауданының медициналық нысандары жылыту маусымына дайын

"A-CLASS MEDICAL" ЖШС - тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС пакеттері бойынша мемлекеттік және ақылы медициналық көмек көрсететін алдыңғы қатардағы медициналық ұйымдардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта аталған компания Талғар аудандық орталық ауруханасын сенімгерлік басқару құқығына ие.
Талғар аудандық орталық ауруханасы сенімгерлік басқаруға берілген уақыттан бері екі жыл ішінде көптеген жұмыстар атқарылды. Қазіргі уақытта аурухана жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар аудандық ауруханаға қарасты ауылдағы медицициналық мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстары жасалып, ондағы қызметкерлердің жайлы және жаңа ғимараттарда қызмет жасауына жағдай жасады. Бүгінгі күні дәрігерлер кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында тренингтерге қатысып, басқа облыс дәрігерлерімен үнемі тәжірибе алмасып отырады.
Қазіргі уақытта Талғар аудандық ауруханасына қарасты 2 ауылдық аурухана, 2 қалалық емхана, 12 дәрігерлік амбулатория, 14 фельдшерлік-акушерлік және 9 медициналық пункт жұмыс істейді.
- Біз Талғар аудандық ауруханасын сенімгерлік басқаруға алған кезде оған қарасты ауылдардағы барлық медициналық нысандарға тексеру жұмыстарын жүргіздік. Тексеру барысында барлық нысандарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі анықталды. Екі жыл ішінде ауылдардағы медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жасаумен қатар су, кәріз жүйесі мен жылыту жүйесін толықтай жаңарттық. Сонымен қатар жарықпен толықтай қамтамасыз етілді. Кейбір мекемелерге жарық генераторын орнаттық. Ал биылғы жылы жылыту маусымына дайындық жұмыстары жүргізіліп, барлық медициналық мекемелерге уақытында жылу беруді жоспарлап отырмыз, - деді "A-class MEDICAL" бас директоры Белгожанова Бақытгүл Қаниқызы.
Бүгінгі күні Еңбекші, Қарабұлақ, Панфилов, Бірлік, Талдыбұлақ, Қызыл Қайрат, Гүлдала және Береке ауылдарында газ құбырлары жүргізіліп, қазандықтар сатып алынды. Жылыту маусымының басында олардың барлығы іске қосылып, біздің қызметкерлер тұрғындарға жылы және жайлы медициналық мекемелерде көмек көрсететін болады. Сондай-ақ, Арқабай, Қызылту, Еркін, Кендала және Жалғамыс елді мекендерінде медициналық нысандарды газбен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Газ тартылмаған Панфилов, Нұра, Туғанбай, Гүлдала, Талдыбұлақ, Бірлік, Қызыл ту, Белбұлақ, Талғар мен Кендала ауылдарына қарасты медициналық мекемелерге арнайы қазандықтар орнатылып, дизель отынымен қамтамасыз етілді. Бүгінгі күні 160 000 литр мөлшерінде дизель отыны сатып алынды. Одан өзге қорда қосымша 79 000 литр бар.
- Біз дизель отынын әлі газ құбыры жүргізілмеген ауылдардағы медициналық мекемелер үшін сатып алдық. Болашақта ауылға газ құбыры тартылған кезде, газбен жылыту жүйесіне қосатын боламыз, - деді Бақытгүл Қаниқызы.
"A - class MEDICAL" компаниясы сондай-ақ 224 000 тонна көлемінде шалғайдағы 17 елді мекенде орналасқан медициналық мекемелер үшін көмір мен отын сатып алды. Оның 118 000 тоннасы 3 қазан күні жеткізіледі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста