«Шынайы мұсылман емессіңдер!» деп жарыстарға жібермейді»: белгілі заңгер спорт саласындағы үлкен былықтың бетін ашты.
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек бапкерлерді спорт саласындағы шындықты жасармай айтып, әбден торлап алған жемқорлықпен күресуге шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.
Заңгердің айтуынша, спорттағы сыбайластықты, жемқорлықты шындықты айтатын уақыт келді!
«Бапкерлер, спортшылар айтсаңдаршы бар шындықты, қашанғы тығылып отырасыңдар?
Бұл елдің дамығаны тек белсенділерге керек пе?
Келіп бізге мұңдарыңды төгесіңдер, өздерің қашаңғы тығылып отырасыңдар?
Спорттағы сыбайластықты, жемқорлықты шындықты айтатын уақыт келді!
Балалардың тамағына, витаминіне, жарыстарына, жолдарына бөлінетін ақшаны бастықтар өздері жейді, сендер оны ата-аналардың өздеріне жүк қылып артатындарыңды;
Сәләфи ағымына яғни, “жамағатқа кірмегенсің, ортаға зекет бермегенсің”, деп шеттетілендеріңді; Шәкіртеріңмен қоса мұсылман емессіңдер , Алланың сүйген құлдары ғана олимпиадаға бару керек, олар ғана мадаққа лайық дейтіндерді;
Спорт федерация басшыларының туысқаны, руласы, яғни басшылардың артын жаламағандарың үшін чемпионат, жарыстарға бармай қалатындарыңды ашық айтсаңдаршы!
Намыстанбайсыңдар ма?
Қашанғы үндемей отырмақсыңдар?», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.