"Шымкенттік болмасаң болды", "Ұмытылмас ләззат керек": Қазақстандықтар Tinder танысу желісіне не үшін тіркеледі?

"Шымкенттік болмасаң болды", "Ұмытылмас ләззат керек": Қазақстандықтар Tinder танысу желісіне не үшін тіркеледі?

XXI ғасыр - әлеуметтік желілер уақыты. Адамдардың жүзбе-жүз араласуына, танысуына көп мүмкіндік барына қарамастан, әлеуметтік желілер арқылы қарым-қатынас өрбітетіндердің қарасы көбейді. Желі арқылы танысып қана қоймай, берік қатынас орнатып, тіпті отбасын құрып, шаңырақ көтергендер де бар. Бүгінде танысуға арналған әлемдегі ең танымал сервистердің біріне Tinder айналды. Жылдам таныстық, әдемі кездесулер ұйымдастыруға арналған сервис қазақстандықтар арасында да кең таралып үлгерген. Stan.kz тілшісі Tinder сервисі жайлы, артықшылықтары мен кемшіліктерін, қыздар мен жігіттер қандай жұп іздейтінін анықтап көрді. 
Бүгінде сервис қолданушылар саны 50 млн-нан асып түскен. Тіркелу үшін: телефон нөмірі, электронды поштаны көрсету қажет.

Жеке профильді толтыру кезінде желі қолданушысы жынысын көрсетеді: әйел, еркек немесе бисексуал. 

 
Егер қолданушы өзін ермін деп көрсетсе, оған тек әйелдер ғана танысуға ұсынылады. Әйелдерге ер адамдар шықса, өзін бисексуал деп көрсеткендер әйелдерді де, ерлерді де көре алады. 

Сервис потенциалды жұптарды қашықтық бойынша іздестіреді. Сондай-ақ, желінің тегін - базалық пакеті және ақылы премиум пакеті бар. Бір айға арналған пакет - 4690 теңге тұрады. Мұның ішінде сізге кім лайк қойғанын көре аласыз және фотолар мен ақпараттарыңыздың кімге көрінуі тиіс екенін өзіңіз бақылай аласыз. Базалық пакетте мұндай мүмкіндіктер қарастырылмаған.

Tinder-ді көпшілігі жеңіл-желпі, еш міндеттемесіз қарым-қатынас құруға арналған желі деп есептейді. 

Tinder-де көп адам өзінің профильдеріне танысу мақсаттарын жазып қояды. Соның ішінде өздері туралы ақпаратпен де бөлісетіндер бар. Мәселен: "Тұрмысқа шыққым келеді", "Ауыр жұмыс күнінен соң шаршасаң, массажға кел", "Демеуші іздеу үстіндемін", "Шымкенттік болмасаң болды", "Білімді қыз іздеймін", "Әйел болатын қыз іздеймін", "Іздегенім жыныстық қатынас емес" деп қалаулары мен тілектерін ашық білдіретіндер жетіп артылады. Одан бөлек, ерекше ұсыныс тастайтындар да кездеседі: "Қызыммен би, лесби қыз іздеймін", "Қарным жоқ, интим ұсынбаңдар", "Қарбаластаң шаршасаң, бірге ішейік", "Тұрақты қарым-қатынас іздемеймін, тек ұмытылмас ләззат керек", деп жазып қоятындар да бар. 

Қазір көп адамның интернет арқылы танысуы қалыпты жағдай, дейді психолог Жанар Оспанова.

"Кез келген танысу әрқашан идеализацияға немесе құнсыздандыруға алып келеді, ол интернет танысу ма, басқа ма - бәрібір", - дейді психолог Жанар Оспанова.

Алайда маманның айтуынша, интернет арқылы танысу шындықты бұрмалайды.

"Барлығы шынайы болмысын көрсетеді деп ойламаймын, жай өмірде көзге ілінбейтін адам болса, интернетте өзінің нарцистік бейнесін көрсетіп ләззат алуы мүмкін. Бұл тек дұрыс, не бұрыс деген қағида емес. Неге олай десеңіз, адамдар бейсаналы тұрғыда өздеріне жақын адамдарды немесе әке-шешесіне ұқсайтын адамдарды қарастырады. Интернетте танысу кезінде адаммен сөйлесу барысындағы сөздеріне мән беру керек", - дейді ол. 

 

Интернет танысу адам психологиясына қалай әсер етеді?

Психолог Шырын Айдарова XXI ғасырда интернет арқылы танысу кезінде әр адам әртүрлі мақсат көздейтінін айтады.

"Интернет-кеңістікте өмір сүріп жатқандықтан мұндай таныстық мақсатсыз түрде орнайды. Ал енді белгілі бір мақсатта танысу жайлы айтатын болсақ, әр адамның бір көздегені болады. Біреулер қарым-қатынас құру, дос ретінде сөйлесу мақсатында, ал екінші біреу үйлену мақсатында, өмірлік серік іздейді, ел енді бірі жақсы "уақыт өткізу үшін" интернетте танысуы мүмкін", - дейді маман. 

Айтуынша, әр адамның психикасы әртүрлі, сәйкесінше психологиясына да түрлі әсер етеді.

"Егер адам өзін жалғыз сезінсе, жай ғана танысқысы келсе, ол интернет таныстық арқылы кейбір қорқыныш пен қысылуды жеңіп, ашылып сөйлесіп үйренуі мүмкін. Жағымды және жағымсыз эмоциялар танысуға себеп болып жатады немесе керісінше адам танысу нәтижесінде белгілі бір эмоцияны бастан өткереді", - дейді маман. 

Психологтың айтуынша, әйел мен ерлердің интернетте танысудағы мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Дегенмен, ерлердің кей мәселелерде тұрақсыз болып келуі нақты айырмашылықтың барын көрсетпейді.

"Әйелдер интернет танысу кезінде тұрақты қарым-қатынасты, ал ерлер уақытша көңіл көтеру, қысқа мерзімді қатынасты қалайды деген пікірмен келіспеймін. Әйелдер табиғатынан қамқорлық жасауға бейім. Сондықтан олар тұрақтылықты қалайды. Ал ерлер сонау заманнан асыраушы рөлінде сондықтан әйелдерге қарағанда кей мәселелерде тұрақсыздау. Дей тұрғанымен, оларды мүлде тұрақсыз деп айтуға болмайды", - дейді Шырын Айдарова. 

Ал желі арқылы танысуға көбіне орта жастағы адамдардың жүгінуі олардың мансабын жасаған соң жан-жағына қарап, серік іздей бастауымен байланысты. Олар көп жұмыс істейтін болғандықтан, жұмыстан бөлек, сырттан қарым-қатынас құруға уақыты бола бермейді. Сондықтан интернетте танысу оларға жеңілірек болады, дейді маман.

Сондай-ақ, психолог адамның желіде қандай фотолар қолданғаны да оның мінезін сипаттайтынын айтады.

"Мәселен, Whatsapp мессенджерінде адам фотосына гүлдің, жануардың, жұлдыздың суретін қоюы мүмкін. Бұл адамның белгілі бір тұрғыда ашық емес екенін көрсетеді. Ал енді өзінің шынайы суреттерімен бөлісетіндер өмірі үшін толықтай жауапкершілік алып, өзгенің пікірімен санаспайтындар, өзін өзін бағалайтын адамдар деуге болады", - дейді психолог.

 

Интернетте танысқан адам шынайы кездесуде қандай сезімдерді бастан өткереді?

Бұл адамның шынайылықты қалай қабылдайтынына байланысты.

"Егер ол қиялға беріліп, өзінің ойындағы адамды "жасап" алатын болса, көп үміттеніп, желідегі образына ғашық болып қалса, өмірде көрген кезде көңілі қалуы ғажап емес", - дейді маман.

 

Танысу желілерінде не нәрсеге мұқият болуы керек?

"Интернетте алаяқтар көбейгені белгілі және олардың мақсаты - оңай олжалы болу. Осы орайда барынша балаларды интернет арқылы танысудан сақтау керек. Көп елде интернетте танысуға тыйым салынған. Бізде осылай ата-аналар балаларына назар аударуы тиіс. Әрине, ересектер өз қалауларынша әрекет етеді. Дегенмен алаяқтар түрлі әдіс-тәсілдерді қолданады, адамның қажеттіліктеріне байланысты әрекет етеді", - дейді психолог Шырын Айдарова.

Журналист, интернетте танысу бойынша курс өткізіп жүрген, белсенді желі қолданушысы Жанар Нұрлыбек Tinder Парето заңы бойынша алгоритмдер негізінде жұмыс істейтінін айтады. Яғни, 20% күш-жігер 80% нәтиже береді, ал қалған 80% күш, тек 20% нәтиже береді деген заңдылық аясында желіде де ерлерге әйелдерді, әйелдерге ерлерді алгоритм бойынша ұсынып отырады. 

"Бұл алгоритм маған ұнамайды. Сондықтан Tinder-ден парақшамды жойып, қазір Bamblt атты сервиске тіркелдім. Оның да негізін Tinder-де жұмыс істеген қыз қалаған. Бұл интернет танысуға арналған сервис көбіне әйел адамдарға ыңғайлы, атмосферасы өте жылы", - дейді ол.

Желі қолданушысы интернет арқылы танысуда қауіпсіздікті ең бірінші орынға қою керек екенін айтады.

"Ешқандай деректерді таратпай, телефон, Инстаграм желісін еш уақытта тіркемеген жөн. Жеке басым ешқашан ақпараттарымды сервистермен байланыстырмағанмын. Тіпті, аты-жөнімді де өзгертіп тіркелетінмін. Шынайы өмірде танысуға мүмкіндік көп болғанымен, көп уақытымызды интернетте өткізетіндіктен, орта буын өкілдеріне осы орта танысуға өте ыңғайлы", - дейді ол. 

Интернетте адамдардың шынайы бет-әлпетін көрсету-көрсетпеуі адамның өзіне және елдің менталитетіне байланысты, дейді Жанар Нұрлыбек.

"Мысалы, қазақстандықтардың көбі белгілі бір бетперде жамылып алғандай шынайы түрін көрсетпейді.  Шын мәнінде танысу сервистерінде не үшін отыратындарын ашып айта алатындар аз. Егер әйел тұрақты қарым-қатынас қалайтын болса, ол осы ойын білдіруге ұялады, ал егер уақытша жұп іздесе, оны да айтуға қымсынады. Себебі қоғам қысым көрсетеді", - дейді ол. 

Интернеттен танысу кезінде түрлі қызықты әрі ыңғайсыз жағдайлар орын алған, дейді желі қолданушысы.

"Соның ішінде, соңғы рет Bamblt сервисіне тіркелу барысында қызық жағдай болды. Өзім журналист болғандықтан профилімде "I am а journalist from Kazakhstan" деп жазып қойғанмын. Қазір Боратқа қатысты хайп таралып жатқандықтан, маған көп адам смс-хабарламалар жазып, "Қазақстанның ханшайымы" деген лақап ат қойды. Неше түрлі адамдардан түрлі хаттар мен жылы лебіздер келді", - дейді ол. 

Айтуынша, интернетте таныспақ болып жатқан жандарға кездесулерге үлкен маңыздылық берудің қажет жоқ. Мұнда қысқамерзімді қарым-қатынас құруды қалайтын әйелдер де, ер адамдар да болуы мүмкін. Сол сияқты тұрақты қарым-қатынас іздеген ер адамдар да бар, дейді ол. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста