Бүгінде Шымкентте халықаралық стандартқа сай, әлеуметтік-экономикалық маңызы зор нысандар саны күн санап артуда. Қаланың әртарабында орналасқан әуежай, теміржол, вокзалы автовокзал келген қонақтарға да, тұрғындарға да қиындық тудыратын. Өйткені көше толы көлік, кептелістің кесірінен кейде әуежайға не теміржол вокзалына жете алмай ұшақтан, пойыздан қалып кететіндер көп. Алдағы уақытта дәл осы мәселенің түйіні тарқатылмақ.
Облыс орталығында халықаралық стандарт талаптарына сай орталықтандырылған әуежай, теміржол вокзалы және автовокзал салынбақ. Жолаушыларға ыңғайлы бекеттердің бір жерге шоғырлануы әрине қуантарлық та, құптарлық та жәйт. Әлемдегі дамыған елдердің тәжірибесінен алынған жоба елімізге келетін туристерге де ыңғайлы болмақ. Әрі бұл жоба елімізде ең алғаш болып Шымкентте қолға алынғалы отыр. Күні кеше Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ еншілес ұйымы «Airport Management Group» ЖШС Шымкент қаласында жаңа халықаралық әуежай салу туралы екі жақты меморандумға қол қойды. Жобаның таныстырылымына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен облыс әкімі Асқар Мырзахметов қатысты. Екі кезеңнен тұратын жобаның құрылыс жұмыстары биыл басталады. Мұнда тартылған инвестиция құны 143 миллион АҚШ долларын құрайды. Жылына 2,5 миллион жолаушыға еркін қызмет көрсететін жаңа әуежай өңір экономикасына тың серпін беріп, сауда-саттықты нығайтумен қатар, өңірдегі туризим саласын дамытуға ықпал етеді деп күтілуде. Ал жаңа темір жол арқылы Түркістан мен Сарыағашқа қатынау мүмкіндігі ашылып, мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда.
Шымкентте жаңа халықаралық әуежай салынады
Последние статьи автора