Шығыс Қазақстанда аспанда пайда болған қызғылт бұлт жұртты алаңдатты
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары "қызғылт бұлтты" видеоға түсіріп алған. Бұл видеоға қатысты ШҚО экология департаменті өкілдері түсініктеме берді, - деп хабарлайды massaget.kz.
Куәгерлердің айтуынша, 19 ақпанда олар Алтай ауданы Октябрь ауылының маңында қызғылт бұлтты көрген. Тұрғындар дәл осындай құбылысты былтыр желтоқсанда да байқаған.
"Желтоқсанға орай тексеру жүргіздік. Тексеріс нәтижесі бойынша "қызғылт бұлттың" пайда болуына "Бұқтырма цемент компаниясы" ЖШС-нің саз карьеріндегі бұрғылау және жару жұмыстары себеп болғаны анықталды. Бұл жөнінде тағы мәселе туындаса, департамент қайта тексеруге дайын", - дейді ШҚО бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Рауан Тұраров.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу