ШҚО-да 570 млн теңгеге су құбыры салынып жатыр
Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданы Тархан ауылына тартылып жатқан ауыз су құбырының сапасы күмән тудырады. Тұрғындардың айтуынша, мердігер компания қарапайым құрылыс талаптарын орындамай отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Жел, тұман, көктайғақ - бейсенбіге арналған ауа райы 2020 жылғы 1
Тұрғындар мердігер компанияның қазылған жыраға пластик трубаны тастап, үстін су аралас қиыршықтас құммен жауып жатыр. Жұрт жер қатқанда құбыр бірге қатып қала ма деп алаңдайды. Мердігер компания өкілдері тұрғындардың пікірімен мүлде келіспейді. Бұл Тархан ауылындағы жаңадан тартылып жатқан су құбырының  құрылысы. Әр жерге орнатылған цементті құдықтарға да су толып тұр. Ал 1 метрден аса қазылған шұңқырға  құбырды тастап, үстін ауыр техника қиыршық тас аралас топырақпен көміп жатыр. Сондықтан тұрғындар құрылыстың сапасына күмәнданып отыр.  
Жалпы бұл ауылға 40 шақырымға жуық су құбырын тарту үшін республикалық бюджеттен 570 миллион теңге бөлінген. Бірақ мердігер мекеме қарашаның қара суығында құбырды тартып жатыр. Ал барлық жұмыс жобадағы ережеге сай атқарылып жатқанын айтады. 
«Құбыр 2,2 тереңдікте жатыр. Жанында жүрген адам бақылау жасайды. Ешқандай үзіліссіз. Оған кепілдік бере аламыз. Бәрі сақтандырылады. Бір мың бір жүзден астам тұрғыны бар ауылда бұрын орталықтандырылған құбыр мүлде болмаған.», - дейді мердігер  компания өкілі Дастан Әзірбаев.