«Советтік құбырлардың» берері қалмады...

«Советтік құбырлардың» берері қалмады...

Оңтүстік өңірлердің ішінде табиғи газдың қызығын алғаш боп көрген Түркістан облысының халқы болатын. Сонау 60-шы жылдардың аяғында Мақтарал, Жетісай халқы Өзбекстаннан тартылған газды молынан пайдаланып, қарқынды дами бастаған. Бұхара газ кен орындарынан Бішкек пен Алматыға қарай қуатты газ тасымалдау құбыры да сол кезде тартыла бастаған.

Сапалы болаттан жасалған сол «советтік құбырлар» да тозудың шегіне жетіп, енді берері қалмады деп мойындайды сала мамандары.

Газтасымалдау жүйесінің техникалық жағдайы өзге аймақтар сияқты Кеңес өкіметі кезінде салынған ескі желілермен тікелей байланысты. «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасына қарасты желілердің барлығына тән қауіп қатер- газ тарқататын құбырлардың, газды бөлетін желілердің және оларды сақтайтын қондырғылардың тозуы. Бұл -  жүйенің күн өткен сайын техногендік апатқа бір табандап болса да жақындап келе жатқанын көрсетеді. Ол әсіресе жыл сайын жылу маусымы кезінде қатты сезіледі, дейді аймақтағы газ саласының мамандары.  Бұл қатер адам шығыны, ғимараттардың қирауы және стратегиялық нысандар жұмысының толықтай тоқтауына әкелуі кәдік.

Республикалық газтасымалы саласы ардагерлері кеңесінің мүшесі (Шымкент қаласы) Полат Құнанбаев аймақта қалыптасқан күрделі жағдайға өз бағасын берді. Өңірді газадандыру науқанына белсенді атсалысқан маман Түркістан облысының халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету 2000-шы жылдардан соң қарқынмен жүре бастағанын айтады. Дәл осы кезеңде Кеңес өкіметінен мұраға қалған негізгі магистарльдарға жан бітіп, елдімекендерге жаппай газ тартылды. Бірақ бұл халыққа жақсы болғанымен, жалпы саладағы жағдайды күрделендіре түсті, дейді Полат Құнанбаев. 

«Магистарльдық газ желілерінің проблемасы және оларды тарту мен оның қондырғылары туралы ұзақ айтуға болады. Мысалы 2000-шы жылдары «ҚазТрансГаз»  біздің облысқа кіргенде (ол кезде ОҚО-ред.) көптеген елдімекендер көгілдір отынсыз отырған. Мысалы Жетісай ауданы Кеңес заманында толықтай газдандырылған, барлық ауылдарына дейін көгілдір отыны жеткізілген еді. Алайда тоқсаныншы  жылдардың соңында тек аудан орталығында ғана газ қалды да, ауылдардың барлығы қайтадан ажыратылды. Оның басты себебі - магистарльдық тарату желілері тозып, істен шығып қалды»,- дейді Полат Бекайдарұлы.

Газ маманы ескі газ магистарльдарын қайта жаңғыртуға кедергі болып отырған бір мәселе- қосалқы бөлшектердің жоқтығы дейді. Негізгі газ бөлу, тасмалдау және тарату нысандарындағы қондырғыларды бастапқы қалпына келтіру мүмкін емес. Себебі  Кеңес заманында істеп тұрған зауыттар жабылып қалды.  

«Иә, газ құбырлары және оған салалас қондырғылар да 50 жылдан бері қолданылып келеді. Ендеше ол жөндеу, ауыстыру, күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Газ бөлетін бекеттерде, газды реттейтін тіректерде қосалқы бөлшектердің жоқтығынан тоқтап қалатын жағдайға жеттік. Себебі мұндай бөлшектері енді ешкім шығарылмайды. Бұл халықты, өндірісті, тұрмыстың әр саласына керекті газды таратуға  кедерді. Айта кету керек, жыл өткен сайын бізде тұтыну көрсеткіші қарқынмен өсіп жатыр. Бұл қолда бар желіге, қондырғыларға салмақ салып отыр.  Айналып келгенде, осы форс-мажорлық жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан барлық газ құбырларын, магистральдық,  тарату желілерін ауыстыратын күн туды. Мемлекеттің жағдайы келсе, жаңадан салу керек. Бұған үлкен капитал қажет»,- дейді ардагер маман.  

Фото. Полат Құнанбаев Республикалық газтасымалы саласы ардагерлері кеңесінің мүшесі (Шымкент қаласы)

«Интергаз Орталық Азия» АҚ қарасты «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасының филиалы ұзындығы 2 500 шақырым газ магистральдарын игеріп отыр. Ұлттық оператордың филиалы «Бұқара газды ауданы- Бішкек-Ташкент-Алматы», (675 шақырым)  «Газли-Шымкент» (309 шақырым), «Қазақстан-Қытай» (1 179 шақырым), «Бейнеу-Бозой-Шымкент» (242 шақырым) сияқты негізгі газ тасымалдау бағыттарының пайдалануына жауап береді.

«Бұқар газды ауданы- Бішкек-Ташкент-Алматы» магистралы өңірдегі ең ескі газтасымалы жүйесі. Ол өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басында қолданысқа еніп, соңғы 50 жылда үздіксіз қызмет етіп келеді. Бастапқыда оны пайдалану 30 жылға есептелген. Яғни өте тығыз орналасқан өңірде стратегиялық газ магистарлі өз ресурсын екінші айналымда пайдалануға көшті. Масқара дейтіндей-ақ жағдай болса да – шындық осы! «Әлі де шыдайды» деп жүргелі біраз уақыт өткен...

«Газли-Шымкент» желісі 1988 жылы пайдалануға берілді. Оның мерзімі 30 жылдан асты. Бұл жүйе Батыс Қазақстан мен Қызылорда облысына қарағанда оңтүстік өңірде негізінен  суармалы ауылшаруашылығы аймақтары арқылы автомобиль және теміржолмен түйісетін жерлерден және халық көп қоныстанған елдімекендердің маңынан өтіп жатыр. Бұл магистарльдық газжүйесінің апаттық тәуекелін арттырып отыр.

Магистральдық газқұбырларының істен шыққан аумақтарын анықтап, оның ішкіқұбырлық ақауларын бес жылда бір рет тексеріп тұру қажет екен. Бұл оның жалпы техникалық жағдайын бақылауда ұстауға мүмкіндік береді.

Осы күні «Шымкент» магистральдық газ құбырлары басқармасы  бұрын-соңды жөндеушілердің қолы тимеген 500 шақырым магистарльдық газқұбырын тексеріп шыққан. Ол үшін дайындық жұмыстары көп уақытта алады және өте көп қаражатты талап етеді. Ең қиыны анықталған ақауларды күрделі жөндеуден өткізу аса қымбатқа түседі. Оны саты-сатымен жөндеу мүмкін емес, тозып біткендерін толығымен жаңалап, ауыстыру керек дейді мамандар.

Әрине, проблеманың сыздап тұрған сыздауықтай екені көрініп тұр. Бұл бір газ оперраторының мәселесі еместігі де белгілі. Демек, дабыл қаққан сала мамандарының жанайқайын тыңдайтын кез келген тәрізді.

Фото. «Сарыағаш» газ тарату станциясы

Дәл қазір аймақта осындай  29 газ тарату пункттері жұмыс істеп тұр. Оныңтеңжартысыда Кеңесөкіметікезіненқалған. Халықтыңкөгілдіротынғадегенсұранысыартқансайын «Шымкент-1», «Шымкент-4», «Жетісай», «Мақтаарал», «Абай», «Сарыағаш», «Свердлов және «Тоболино» сияқты газ таратустанцияларыжылытумаусымыкезіндешамадантысжұмыстәртібінекөшеді. Бұл да үлкентәуекел мен қауіпкеалғышартжасайды.   Сосын   газ тасымалы мен тарату компаняилары үшін тағы бір түйіткілді сұрақ- желідердің қауіпсіздігі мен күзеті.

Магистральдық газ желілерін қорғау Жер туралы кодекстің 121 бабы негізінде қорғалады. Стратегиялық нысан өтіп жатқан аумақтың көрсетілген қорғау аймағына қолсұғушылық көбейіп келеді. Мұндай заңсыздықтарға жол беретін жергілікті атқарушы билік. Әкімдіктер газ желісіне тиеселі жерлерді үй салуға ауылшаруашылық мақсатына беріп жіберуді доғарар емес. Оңтүстікте осындай 200 жағдай анықталған. Магистарльдық желілерге жақын нысандардың қатарына адамдар көп жиналатын «Жібек жолы» кедендік бекеті де кіріп кеткен. 

Қорыта айтқанда, қазір бөлініп жатқан қаражат айтылған мәселелердің ширегін де шешпейді. Салыстармалы түрде алғанда бөлініп жатқан қаржы бар газ тасымалы жүйесін ұстап тұруға ғана жетеді, бірақ оның дамуына мүмкіндік бермей отыр, дейді сала мамандары.

Оның үстіне, Қазақстан Үкіметінің тапсырмасымен қазір жергілікті атқарушы билік органдары негізгі жылыту жүйелерін, электр станцияларды және кейбір ЖЭС-терді қатты отыннан газға көшіруді қолға ала бастады. Одан тыс Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Жамбыл облысы, Алматы облысы мен Алматы қаласын жаппай газдандыру қарқыны артып барады. Ендеше мемлекет, Үкімет елдің ішкі энергетикалық қауіпсіздігі үшін түбегейлі шешімдер қабылдайтын уақыттың келгенін түсінуі тиіс. Ол газ саласындағы қайта жаңғыру мен дамуға көңіл бөлу, қажетті шаралар қабылдау.  

Алаш айнасы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста