Синоптиктер жаздың алғашқы күнінде ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктер жаздың алғашқы күнінде ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет болжамына сәйкес, 1 маусым күні бірқатар өңірде жаңбыр мен бұршақ жауады. Дабылды ескерту жарияланды

Елдің солтүстігінде атмосфералық фронттарға байланысты ауа райы құбылмалы болады. Кейбір аудандарда дауыл соғып, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.

 

Дабылды ескерту


Түркістан облысында және Түркістанда 1-2 маусым күндері аптап ыстық болады, ауа температурасы плюс 40-43 градус.

Ақмола және Қарағанды облыстарында 1 маусымда күн күркірейді. Оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 м/с-ке жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында дүйсенбі күні желдің жылдамдығы 15-20 м/с, екпіні 23-28 метрге жетуі мүмкін.

Қостанай облысында 1 маусымда күн күркіреп, бұршақ жауады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр.

Павлодар облысында 1 маусымда күн күркірейді. Желдің жылдамдығы секундына 18 метр.

 

Ірі қалалардағы ауа райы


Елордада түнде 21-26 градус жылы, күндіз плюс 30-32 градус.

Алматыда 1 маусымда күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +18-19 градус, күндіз плюс 28-30 градус.

Шымкентте дүйсенбі күні түнде 20-21 градус нөлден жоғары, күндіз – 32-34 градус ыстық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста