Сенатта зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті межесін анықтау әдістемесі талқыланды

Сенатта зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті межесін анықтау әдістемесі талқыланды

Сенаторлар зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін анықтау әдістемесін талқылады. Кездесуге Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «БЖЗҚ» АҚ және өзге де ұйымдардың өкілдері шақырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина шараны аша келіп, еліміз Президентінің азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға құқық беру жөніндегі бастамасы жұртшылық тарапынан оң қабылданғанын атап өтті.

Бұл реформа жалдамалы қызметкерлердің жалақыларын жарыққа шығаруға түрткі болды, құрылыс және оған байланысты салаларға серпін берді, дегенмен бұл тұрғын үй бағасының өсуіне әсер етті, деп атап өтті сенатор.

«Сенаторларды зейнетақы жинағының бір бөлігін алып қою мүмкіндігі мәселесі әрқашан толғандырып келеді, өйткені ол біздің отандастарымыздың елеулі бөлігі үшін аса маңызды. Депутаттар корпусы үшін қызмет барысында отандастарымыздың әлеуметтік әл-ауқаты әрдайым басты орында және болашақта да осы қағидаттарды ұстанады», - деп атап өтті Ольга Перепечина.

Кездесудің негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігінің ең төменгі шегін ұлғайту ықтималдығына байланысты жағдайды түсіндіру болып отыр.

Депутаттар Ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесінің жұмыс қағидаларын түсіндіру мақсатында сарапшыларға сауал қойып отыр.

Ол туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары сенаторларға айтып берді, ал «БЖЗҚ» АҚ басшысы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдаланудың қордың зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға ықтимал әсері туралы хабардар етті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста