Шанхайға жеткен газды Алтайға жеткізе алмаймыз ба?

Шанхайға жеткен газды Алтайға жеткізе алмаймыз ба?

Отандық мамандардың есебінше, 1000 текше метр газ 2 тонна көмірді алмастыра алады екен. Яғни экологиялық тазалығы мен қаржылық тиімділігі жағынан жылыту саласында бүгіндері газдан артық отын болмай тұр. Тіпті соңғы кездері қалалық жер үйлер ара­сында орталық жылу жүйесінен шы­ғып, газға жаппай көшу тұрғы­сындағы құбылыс кеңінен етек алған. Міне, халықтың осындай ауқымды көлемдегі сұранысы мен әлеуметтік қажеттілігі былтыр жыл соңында елімізде «Газ және газбен қамту туралы» заң жобасының дайындалуына түрткі болған. Бұл заң таяуда Сенаттың кезекті отырысында толықтай мақұл­данып, қабылданып та үлгерді.

Құқықтық құжат өзімізде өндірілетін газбен қамтуға басымдық береді
Негізінен, келесі дүйсенбіден бастап өз күшіне енетін аталған заң еліміздің жылу-энер­гетикалық балансындағы газбен тұтыну­шы­лардың кең ауқымын үздіксіз қамтамасыз етуге жағдай жасау үшін энергетикалық және эколо­гиялық қауіпсіздік мақсатында әзірленген. Әсіресе ел қажеттілігіне өзімізде өндірілетін ілеспе газды тиімді пайдалануға жағдай жасау үшін. Заң жобасы әзірлену барысында мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев оған бы­лайша мінездеме берген-тұғын: «Бұл заң жобасы Үкіметпен белгіленетін ұлттық оператор қызметі үшін іргетас болады. Өз кезегінде бұл компанияға елдің ішкі сұранысын қамтамасыз ету үшін тауар түріндегі және шикі газды сатып алу мемлекеттік құқығын жүзеге асыру мін­дет­теледі».
Естеріңізге сала кетелік, кезінде Үкімет газ саласы бойынша 2004-2010 жылдарға арнал­ған даму бағдарламасын қабылдаған болатын. Алайда көбіне бағдарламада қамтылып, меже­ленген мақсаттар игерілмей қалды. Сол кездегі халық қалаулыларының пайымдауынша, ар­найы заңсыз, нақтыланған нормативтерсіз, алға қойыл­ған міндеттерді тиімді жүзеге асыру үшін бекітілген экономикалық әдіс-тәсілдерсіз бұл бағдарламаның бағы жанып кетуі екіталай еді. Осы жағынан алғанда, «Газ және газбен қамту туралы» заң жобасын қабылдауға Үкімет үлкен дайындықпен келіп отыр.
Елбасымыз былтырғы халыққа Жолдауында: «Мен үш аса маңызды мемлекеттік бағдар­ламаларды – білім беру, денсаулық сақтау және тілдерді дамыту бағдарламаларын бекіттім.
Үкіметке әкімдермен бірлесе отырып биылғы 1 мамырға дейін мынандай қағи­датты түрде жаңа бағдарламаларды, яғни жұмыспен қамтудың жаңа стратегиясын; тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лықты жаңғырту; халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағдарламаларын жасап, қабылдауды тапсырамын», – деді. Осыған сәйкес, Үкімет өткен жылы 2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығын модернизациялау бағдарлама­сын қабылдады. Онда күрделі жөндеуді қажет ететін тұрғын үйлерді қалыпқа келтіру жұмыстары, ел аймақтарын ауызсумен қатар, газбен қамтамасыз ету концепциясы түзілген. Ал бұл істің құқықтық құжатына қайта оралар болсақ, онда көзге ерекше түсетіні – өңірлерді газбен қамтамасыз етудің бас сызбасы.
Жалпы, бүгіндері еліміздің 14 облы­сының тоғызы газбен қамтылған, онда да толығымен емес. Бүкіл оңтүстік өңір қажетті кезде тасымалы шектеліп отыратын өзбек газын тұтынады. Әлі де аталған облысты қамту ісі жалғастығын тауып жатыр. Мәсе­лен, үстіміздегі жылы бұл бағытқа републи­калық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлініп, 21 елді мекенге табиғи газ тартылған. Ал жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 231-ге артпақшы.
Батыраш МАХАНОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бастығының орынбасары:
– 2012 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша, осы облыстың 900 елді мекені (40%) табиғи газбен, 35% – сұйытылған газбен, 25% көмірмен қамтылды. Ал жылдың аяғына дейін Оңтүстік Қазақстан облысының шамамен 1 миллион тұрғыны табиғи газға қол жеткізбекші.
Болашаққа көз жүгіртер болсақ, Қазақ­стан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы үкіметаралық келі­сімге сәйкес, бірінші кезеңі аяқталу шегіне жеткен, әлі де салынып жатқан Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбыры 2014 жылдан соң оңтүстіктің өзбек экспортынан арылуына мүмкіндік береді. Жалпы ұзындығы 1475 шақырымды қамтитын бұл газ құбыры Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарының аумағы бойынша өтеді. Яғни бұл құбыр толығымен іске қосылған да, аталған ай­мақ­тардың газ мәселесі өздігінен шешілетін болады. Сол секілді Қазақстанның солтүстігі мен орталығын байланыстырып, кейін Астанадан Қостанайға дейін созылатын газ құбыры жобасы да бар. Солтүстік өңірдің нұсқасындағы газ құбы­рының құрылысы 2040 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр. Ауқымды жоба бо­йынша табиғи газбен төрт облысты қам­ту көзделуде. Қысы­мы жоғары 820 мм құ­быр арқылы көгілдір отын еліміздің сол­түстік өңірлеріне толық­тай жеткізілетін бо­лады. Мыңдаған шақы­рымға тартылатын газ таратқыштың пайдасын өңіріміздің 360 елді мекенінің 400 мыңнан астам тұр­ғыны көрмек. Мұ­ның бәрі жоғарыда атал­ған заң шеңбе­рін­дегі бас сызбада нақты­ланған.
Аймақтарды газбен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты Премьер-министрдің өзі: «Газ саясатына қатысты жұмыс аяқталу шегінде. 2012-2014 жылдардың бюджетімен аймақтардың газ жүйесін құру мәсе­лесін толықтай шешеміз деген ойдамын», – деді.
Автономды газбен қамту тәсілін де сынақта қолданып жатырмыз
Жалпылай алғанда, газдандырудан жы­рақ­та қалатын бірден-бір өңір – Қазақ­стан­ның шығысы. Бұл ретте мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев: «Елді мекендер арасындағы қашықтық пен халықтың ты­ғыз­дығын ескеретін болсақ, газ құбыр­ларын тарту экономикалық жағынан қан­ша­лықты пайдалы – мәселе сонда. Эколо­гиялық шығындарды есептегеннің өзінде, сол аймақтарда өндірілетін көмірді қол­дану әлдеқайда арзан», – дейді. Яғни бұл батыстан газ тасымалдағанша, Екібастұз­дың, Абыралының көмірін неге пайдалана бермеске деген ой.
Дегенмен отандық мамандар бұл ты­ғырықтан шығудың жолы барын да айтады. Мәселен, кезінде отандық мамандар Ресей мен Батыс Еуропада пайдаланылып жүрген автономды газбен қамту әдісін пайдалануды ұсынған еді. Тіпті осы негізде табиғи газбен қамту мүмкін болмайтын аймақтарда тұрғындарды сұйылтылған газ­бен қамтамасыз ету жоспарланған. Мұндай газ тек ас әзірлеу үшін ғана емес, үйді жылыту, су ысытуға пайдаланылады. Жеке тұрғын үйлерді сұйылтылған газбен жабдықтау жобасының негізіне топтық газ­гольдер құрылысы немесе әр үйге жеке газголь орнату енгізілген. Алдын ала есептеулер көрсеткендей, сұйылтылған газды жеке тұрғын үйлерде пайдалану көмірге қарағанда экологиялық жағынан таза, ал сұйық отынға қарағанда арзанға түседі. Сұйылтылған газ әлеуетін пайдалану 2011-2012 жылдары сынақ түрінде Ақмо­ла облысының 10 мың тұрғыны бар Жібек жолы кентінде іске асырылмақшы. Алғаш­қы жобаның қорытындысына қарап, таби­ғи газға қол жеткізе алмайтын аймақтарда қолға алынады.
Ал газ саясатының қаржылық жағына келетін болсақ, «2012-2014 жылдарға ар­налған республикалық бюджетте жыл сайын алыс елді мекендерді газбен қамтамасыз ету мақсатына 13,5 млрд теңге бөлінбекші» деп көрсетілгенін еске сала кетелік.
Тоқтамыс МЕҢДЕБАЕВ, техника ғылымының докторы, профессор:
– Егер қазір қалалық жерлердегі көмірмен жұмыс істеп тұрған жылу және электр желілері газға көшетін болса, бұл, ең алдымен, экологиялық жағынан өте тиімді болады әрі тұты­нушылар үшін мұндай қызмет тарифі екі есеге арзанға түседі. Бұл – бір. Екіншіден, заңда ұлттық операторға басым­дық беріледі деп көрсетіледі. Осы жағынан алғанда, газды тарту жұмысы жеке компаниялардың емес, мемле­кеттің меншігіне, қадағалауына өтсе деген тілек бар. Мысалы, Алматының елді мекендерінде газ құбырын тартуға 400 мың теңге сұрайды. Ал мұндай ақшаны ауыл-аймақтағылар төлей алмайды. Сондықтан бұл қызмет түрі мемлекеттің қарауына өтсе, төлем арзандай ма деген ой бар. Үшіншіден, бірден ондай соманы төлеу кез кел­геннің қалтасы көтере бермейді. Сон­дықтан оны бөліп төлеу немесе депозиттік құрал деген секілді бір амалдарды ойлап табу керек секілді. Төртін­шіден, еліміз қолға алып отырған газ саясаты соңына дейін жеткізілсе, бұл еліміздің экологиялық жағынан ха­лық­аралық көрсеткішін едәуір арттырар еді. Бесіншіден, ол халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатып, әлеу­мет­тік жағ­дайын жақсартып, өмір сапа­сының әлем­дік рейтингіндегі көр­сет­кішін арттырады. Осы жағынан алған­да, Үкімет­тің қолға алып отырған газ саясаты ха­лықтың көптен бері мазалап жүрген әлеуметтік-экономикалық мәселеле­рі­нің бірін шешіп береді деп санаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста