Ресей тұрғыны 30 жыл көрмеген ұлын Қазақстаннан тапты
Көкшетаулық Андрей Юдин 30 жыл құжатсыз, отбасысыз, баспанасыз және жұмыссыз өмір сүрген. Алайда достарының және "Жди меня, Казахстан!" бағдарламасының көмегімен оның өмірі өзгерді, деп хабарлайды "Еуразия бірінші" арнасы.
Көкшетау тұрғыны Андрей Юдин балалық шағын қоспағанда, әрқашан жалғыз болған. Анасы белгісіз себептермен кетіп қалған, әкесі есінде жоқ. Бақытына орай, Андрейге адал дос жолықты. Оның отбасы Андрейге баспана беріп, оны ұзақ жылдар бойы іздеген туыстарын табуға көмектесті.
"Андрюшканы соңғы рет екі жас төрт айлық кезінде көрдім. Ол алғаш рет мені "папа" деп атады", - дейді -Андрей Юдиннің әкесі Сергей Юдин.
Әкесі мен ұлы арасындағы алғашқы кездесуі видео арқылы болса да, екеуі де көп сөйелемеді. Андрей Юдинге сөйлесу оңай емес, сөйлегенде қиналады. Оның үстіне ол шок жағдайда болды. Белгілі болғандай оны ағалары, апайлары, әпкелері, інілері іздеген екен. Себебі 30 жыл бұрын оның ата-анасы ажырасып кеткен.
"Света апай мен Серёжа ағайдың екінші ұлы Виталий марганцовкадан уаланып көз жұмды. Шамасы, Света апай әрі қарай өмір сүре алмады, мұнда бәрі оған осындай сұмдық оқиғаны еске түсірді, ол Қазақстанға кетіп қалды. Ешкім онымен ұрыспады, ол кетуді жөн көрді, ешкіммен қоштаспай Андрейді алып кетті", - деді Андрей Юдиннің немере әпкесі Анастасия.
Андрей Юдиннің анасы Светлана Попредейко кейінірек тағы екі ұл туды. Әйел оларды неліктен тастап кеткені, ұлдардың әкелері қайда екені нақты белгісіз. Ең кішісі Дмитрийді Омбыда тұратын отбасы асырап алған. Ортаншысы Данила Ақмола облысындағы арнайы орталықта тұрады, оның ақыл-ойы кеміс. Соған қарамастан ол спортта көптеген жетістіктерге жеткен.
"Данила Капитонов - осал адам, бірақ ол барлық спорт түрлеріне қатысады. Біз Біріккен Араб Әмірліктеріне халықаралық ойындарға барған кезде ол Қазақстан волейбол құрамасына кіріп, қола медаль алып келді", - деді дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ләззат Нүкенова.
"Андрей ұзын бойлы, мейірімді еді. Ал Дима - менің інім. Мен үйге барғым келеді, олармен кездескім келеді", - деді Данила Капитонов.
Бұл оқиғаның кейіпкерлерінің бәрі бір-бірімен тезірек жолығуға асық. Ресейдегі Красноярск өлкесінде Андрей Юдинді әкесі мен көптеген туыстары күтіп отыр, оларды бірге тұруға шақырады. Ер адам жақындарына барғысы келеді. Бірақ оған пандемия немесе карантин кедергі келтіргі емес. Тек алдымен ол бұрын-соңды болмаған құжаттарды жасауы керек.
"32 жылдан кейін құжатымды алғаныма қуаныштымын. Даниламен қарым-қатынасым жақсы, біз онымен үнемі сөйлесеміз. Мен құжаттарды аламын, жұмысқа тұрамын, ақша жинаймын және міндетті түрде Данилаға барамын", - деді ер адам.
"Андрей бақытты, ол эмоцияларын көрсете алмайды, бірақ ол өте бақытты. Ол әкесімен, әпкесімен, інісі Даниламен қалай сөйлесе бастады, ол өте өзгерді, бақыттан жарқырайды. Дима бізбен байланысқа шықты, ол да онымен сөйлескісі келеді", - деді Андрей Юдиннің танысы Лейла Ахметова.
Андрей Юдин құжаттарды бір айдан кейін ала алады. Бұл күн өз отбасына барар жолда алғашқы қадам болмақ.