Радоннан қауіп төніп тұр

Абай ОМАРОВ (коллаж)

Тоғыз жолдың торабында орналасқан Ақшатау кентінің айы оңынан тумай тұр. Күре жол күнделікті нәпақаны айыруға септігін тигізгенімен, ұнжырғасы түскен елдің еңсесін көтеруге дәрмені жоқ. Дәуірінде дәурені жүріп тұрған кен-байыту фабрикасының үні өшкен күн кенттің келешегіне балта шабылған күн болды. Жұртты тығырыққа тіреген толқымалы 90-жылдармен бірге  вольфрам мен молибден берген Ақшатау кентінің шайқап ішіп, үріп төккен күні де келмеске кетті. Ал кеніштен қалған жұрт Ақшатаудың азын-аулақ тұрғынын дімкәс қылуға айналды. Ашық айтсақ, фабрика жабылғанда жамырай шашылған өндіріс қалдықтары қамсыз отырған жұртты қапыда қалдырып,  радиация таратуда. Оның халық арасында қатерлі ісіктің етек алуына әкеліп соққан жайы бар. Ақшатаулық ағайынға экологиялық қауіп төніп тұр.
Мамандардың айтуынша, радиоак­тив­тік сәуле адамның денесіне кедергісіз енеді. Адам өзінің сәулеленгенін сез­бейді. Радиация қуаты денеге енгенде ет пен тері ауырмайды. «Ондайда бүкіл де­не­нің жасушаларындағы атомдар қоз­ғалады да, биохимиялық процестер өзгереді. Оның соңы ағзаның тұтастай жүйесінің бұзылуына, ішкі органдардың істен шыға бастауына апарып соғады» дейді деректер. Америка ғалымдарының пікірінше, қатерлі ісік ауруының 90 па­йызы – қоршаған ортаның әсерінен. Жа­ман ауру  ластанған және индустриялан­дырыл­ған аудандарда көптеп кездеседі екен. Оны өзіміз де, көзіміз де көріп жүр.
Кезінде 9 мыңға жуық халқы бар Ақшатау кентінде бүгінде 1 200 адам ғана  түтін түтетеді. Өзге жұрт фабрика қараң қалғанда тайлы-тұяқ, бота-тайлағымен жан-жаққа үдере көшкен. Сол жұртта қалған 1 200-ден астам адам радиацияның қақ ортасында отыр.  Кеніштер ашық жатыр. Одан радиа­ция­лық фон тарауда. Радиациялық фон 16 рентгеннен аспауы қажет, ал бұл аймақта 45 рентгеннен жоғары екенін мәлімдеген еді  мамандар. Құзырлы орындардың қорытындысына жүгінсек, Ақшатау кенті  – геологиялық зерттеулер бойынша, радон жағынан қауіпті аймақ.
Талғат ШӘРІПОВ, Ақшатау кентінің әкімі:
Санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды   облысы бойынша департаменті арқылы жыл сайын бір рет радиацияның фоны тексеріліп отырады. Бұл мекеменің шешімі негізінде Ақшатаудың эколо­гиялық қауіпті аймаққа жататыны рас. Бүгінде бұрынғы бір шахтаның беті ашық. Оны жабу үшін аудан әкімдігі тара­пынан қаржы қарастырылуда. Бүгінде Махметов көшесіндегі 10 үйде радиациялық фон көп. Сондықтан бұл үйдің тұрғындарына «Жұмыспен қамту–2020» бағдарламасы аясында Ағадыр кентіне көшуге қолқа салған­быз. Бірақ оны тұрғындар әзірге қабыл­дамай отыр. Сондай-ақ Ш.Уәлиханов атындағы мектептің бастауыш сынып­тары оқитын бірінші қабаттағы бөлме­ле­рінде және осы мектептің айналасын­да дозиметриялық бақылау жүргізіліп, айналаның табиғи жер асты жарылған жерлерінде гамма сәулелерінің жоғары екені анықталды. Ол үшін жөндеу жұ­мыстары жүргізіліп, қоршауға алынды. Бірақ мұның мәселені шешпейтіні анық. Мұнда, ең бастысы, қоныс аудару қажет. 

Мәселен, кенттегі Махметов көшесін­дегі үйде ең жоғарғы радон мөлшері – 1110Бк/м3, ең төменгі 810 Бк/м3 құрап отыр. Ал радонның рұқсат етілген деңгейі – 200 Бк/м3. Ал аталған үйлерде радон бес-алты есеге дейін көп. Тұрғындардың ра­диациялық қауіпсіздігі туралы талаптар­ға сүйенсек, 400бк/м3-ден асқан жағдай­да ол тұрғын үй, я ғимарат қиратылуы тиіс. Сонымен, радонның қауіптілігі неде дейсіз ғой?
Бұл газ –  астма, бас сақинасы, бас ай­налу, құлазу секілді ауруларды тудыр­ға­нымен қоймай, өкпенің қатерлі ісігіне бірден-бір түрткі болатын элемент. Фи­­зи­­ка-математика ғылымдарының кан­дидаты А.Шемьи-Заденің зерттеулері  радонның үй ішіндегі 25 Бк/м3-ге тең концентрациясы төрт адамның үшеуін өкпе ісігіне ұрын­дыратынын көрсеткен. Ғимарат ішіндегі ауадағы радонның 200 Бк/м3-ге дейінгі мөлшерінде мұндай науқастардың саны 10 есеге дейін арта түсетін және дә­лел­деген.  Осыдан кейін-ақ Ақшатаудағы ағайынның ахуалын саралай беріңіз.
Бүгінде кент жұртшылығының денсау­лығына алаңдаушылық туғызған  комби­наттан  кезінде вольфрам мен молибденнің шикізаты алынатын. Ұлы Отан соғысы кезінде елімізге 75-80 пайыз вольфрам мен молибден берген де – Ақшатау. Әйт­кенмен бүгінгі кейпі кенттің басында ондай дәурен болды дегенге көзіңізді де, көңі­ліңізді де сендірмейді.
90-жылдары байыту комбинаты жабылғанда  жаппай жұмыссыздық белең алған. Кенттегі көп қабатты үйлер қаңырап бос қалды, қирады. Үйінділері әлі күнге дейін жатыр. Кент тұрғындарының күнкө­рісі  – айлап, күндеп жалданатын жалдама­лы жұмыс. Ақшатаудағы басты мәселе де ком­муналдық шаруашылықтың тұралауы­нан туындаған. Ауызсу мәселесі де  шеші­мін тапқан жоқ. Бұл аймаққа кезінде ком­бинаттың арқасында 35 шақырым жерден құбыр арқылы су беріліп келген. Комбинат жұмысын тоқтатқан соң, ақшатаулықтардың дертіне дерт қосылды. Оның аты – ауызсу. Бірнеше жыл болды, мұнда ауызсу көлікпен тасылып жеткізіледі.
Аяжан КЕҢЕСБЕК, Ақшатау кентінің тұрғыны:
–  Халық таңғы сағат 8-ден бас­тап 11-ге дейін жеті шақырым жерден ауызсу таситын арнайы техниканы сарыла күтеді. Күніне қырық құбылатын қыстың аязы мен боранының кесірінен ат шаптырым жерге барып келудің өзі қиямет қой. Жақын маңда бұлақтың көзі жоқ. Бұлақ қайдан келсін, кезінде «Қазвольфрам» комбинаты жұмыс істе­ген Ақшатаудың асты  аңырап жатқан шахта болса?! Ауыл тұрғындары жеті шақы­рым жерден таситын судың бары­нан жоғы, ашынан тоғы деп отыр.  Су жетсе, шу болмас еді ғой. 2005 жылы аудан әкімдігі жергілікті қазынадан 25 млн теңге бөліп, алақандай ауылдың ішіне жаз бойы 23 шүмек орнатқан. Ол шүмектер бар-жоғы үш-ақ ай істеп, айдың-күннің аманында саудасы біткен. Күніне үлкен водовозбен Жы­лыкөң деген жерден су тасымалдап отыр. «Судың да сұрауы бар» демекші, сусыз қалатын күніміз де болған деп, ауыл тұрғындары аһ  ұруда. Тасы­малдап әкелетін суды тегін емес, сатып алады тұрғындар.

Экологиялық проблемасына экономи­ка­сы ұштасып, мәселесі асқынып тұрған кенттің  бұлыңғыр болашағынан ақшатау­лық­тар әлі үмітті. Қолда бар деректерге сүйенсек, әлем бойынша вольфрам қоры­нан Қазақстан бірінші орында тұр. Сол вольфрамның  25 млрд долларды құрай­тын кен қоры бар Ақшатаудағы өндірістік қалдықтардың өзінде жатыр деседі. Дегенмен оны игеруге еліміздің мүмкіндігі шектеулі. Есесіне темірден түйін түйген әлем елдері көз алартып отыр. Жаңа ком­бинаттың қабырғасын қалауға 2 млрд  АҚШ доллары көлемінде инвестиция қажет деген тағы бір дәйек бар. Украина мен Ресей бұл жобаға қаржы салуға дайын. Оның өзіндік себебі де бар көрінеді. Түптеп келгенде, молибден шыққан жерден осмий металы шығатынын ғалымдардың іші сезіп отырса керек. Ғарыш саласына пайдаланатын осмийдің бір грамы 300 мың долларға бағаланады дейді мәлімет­тер. Ақшатаудың осындай бірқатар басым­дықтарын үміттеріне үзеңгі қылған жұрт кенді өлкені қиып тастап кете алмай отырған сыңайлы.  Бірақ ол қимастықтың ақыры  денсаулыққа қауіп төндіріп тұрға­нын былайғы жұрт бағамдар емес, әттең! Радонның райы жаман.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста