Қытайдан жалған ақша жасайтын жабдық келді

Алматылық тұрғынға Қытай Халық Республикасынан келген халықаралық жөнелтілімнен жалған ақша жасайтын аппарат табылды. Қазір аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүріп жатыр.

Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Ұлпан Құрайысованың мәліметінше, күдікті затты «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері кеше халықаралық хат-хабарламаларға кедендік тексеру жүргізу кезінде тауыпты. Оңтүстік астана тұрғынына Қытайдан келген сәлемдеменің ішінен Қазақстан Республикасының 100 теңгелік ақшасын жасауға арналған аппаратқа ұқсас металл қондырғы анықталған. Аталған дерек бойынша сәлемдеменің иесіне қатысты шұғыл іздестіру шаралары қабылданып, күдікті қондырғы сараптамадан өткізу үшін еліміздің Ұлттық банкіне жолданды.

Ұлпан Құрайысова, Алматы қалалық кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:
– Ұлттық банк мамандары жүргізген зерттеу нәтижелері хабарламадан табылған қондырғының жалған ақша жасауға арналған ерекше конструкциялы мөртабан екенін көрсетті. Оқиғаның ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы және 206-бабының 1-тармағына (жалған ақша жасау) сәйкес келуіне байланысты аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір істі тергеу амалдарымен Алматы қаласы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің мамандары айналысып жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста