Құтқарушылар бес күннен бері табылмай жатқан журналистің денесін судан алып шықты
Құтқарушылар бес күннен бері табылмай жатқан журналистің денесін судан алып шықты
Әріптестерінің айтуынша, Изатима өмірге құштар, еңбекқор, өз ортасында сыйлы журналист болған.
Ақмола облысында суға кеткен бойжеткеннің денесі бес күннен соң табылды. "Ақмолалық құтқарушылар бес күн бұрын Астана су қоймасында суға батып кеткен 27 жастағы бойжеткеннің денесін тапты. Іздестіру жұмыстарына құрамында 10 адам, іздеу иті және екі моторлы қайығы бар (оның біреуі стационарлық эхолотпен жабдықталған) құтқарушылар тобы жұмылдырылды. Сүңгуірлерге қатты жел мен су тубіндегі балдырлар кедергі келтірді", - деді Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Айта кетсек, қайғылы жағдай шілденің 19-ында болған еді. Суға батқан бойжеткен сол күні су қоймасына құрбыларымен демалуға барған. Гидроциклмен жүзу кезінде ол суға құлап кеткен.
Әріптестерінің айтуынша, Изатима өмірге құштар, еңбекқор, өз ортасында сыйлы журналист болған.