ҚР Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Каспий теңізінің қазақстандық секторы бойынша жиын-жорыққа шықты

Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің корабльдері Каспий теңізінің су айдыны бойынша жиын-жорық өткізу үшін теңізге шықты.

Қазақстан ӘТК біртекті корабльдерінің тактикалық тобы «Орал», «Сарыарқа» және «Қазақстан» зымыран-артиллериялық корабльдерінің құрамында Ақтау портынан жыраққа кетіп, теңіз жорығының тапсырмаларын орындау үшін теңізге шықты.
Жиынның мақсатты Каспий теңізінің қазақстандық секторында қолайлы жедел режімді ұстап тұру, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз жалауын көрсету болып табылады.
Жиын-жорықты өткізу барысында ҚР ҚК ӘТК-нің корабльдері теңізге ауысуда корабльдің әуе шабуылына қарсы қорғанысын, корабльге қарсы және минаға қарсы қорғанысты ұйымдастыру, біртекті корабльдер құрамасының құрамында корабльдердің орағытуы секілді тапсырмаларды пысықтайды.
Әскери теңізшілер 30 мм АК-306 артиллериялық қондырғыдан, 23 мм зениттік құрылғыдан және 12,7 мм «Утес» оқшашарынан теңіз межелері бойынша практикалық оқ атуларды өткізеді.
«Мұндай іс-шаралар корабль экипаждары жеке құрамының жоғары машығын, корабльдердің бірлесіп жүзуі кезінде үйлесімділігін, жауынгерлік бөлімге деген жауапкершіліктерін арттырады», - деп аталмыш жиында жетекші болып табылатын 29011 әскери бөлімінің командирі 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атап өтті.
Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы корабльдердің жиын-жорығы ҚР ҚК ӘТК бас қолбасшысы вице-адмирал Жандарбек Жанзақовтың жетекшілік етуімен ҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік даярлығы жоспарына сәйкес өтіп жатқанын естеріңізге сала кетейік.

Алаш айнасы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста