Қорықша үшін қорықпаймыз...

Қорықша үшін қорықпаймыз...

Бүгінде тұқымы тұздай құрып бара жатқан кей жануарларды қорғауға алу – күйіп тұрған мәселелердің бірі. Егер өте аз қалған оларды сақтап қала алмасақ, ертеңгі күні бармақ шайнап қалуымыз бек мүмкін. Сондықтан да қорғауға алынған өсімдіктер мен жануарлар мекен ететін қорықшаларды ерекше күтімге алу қарастырылуда.
Бүгінгі күні Жамбыл облысындағы Аңдасай мемлекеттік табиғи қорықшасын кеңейту жоспарланып отыр. Мұндағы мақсат қорғауға алынған өсімдіктер мен жан-жануарларға күтім жасап, оларды ерекше қамқорлыққа алу. Қазіргі таңда өңірде үш мемлекеттік қорықша жұмыс істеуде. Қорық емес, қорықша аталуының да өзіндік себебі бар. Өйткені оның аумағы анау айтқандай өте үлкен емес. Кішігірім ғана. Мәселен, Берікқара шатқалының аумағы 17,5 мың гектарды құрайды. Негізінен, ол кешенді қорықшаға жатады. Ал 3,07 мың гектар аумақты алып жатқан  Қарақоңыз шатқалы ботаникалық болып саналады. Жалпы аумағы 1 000 мың гектарды құрайтын Аңдасай қорықшасы зоологиялық қорықшаға жатады. «Аңшылық зооөнеркәсіп» РМҚК-і облыста жануарлар әлемін қорғауды күшейту мақсатымен аталмыш жобаны қолға алып отыр. Аңдасай қорықшасының ауданын қазіргі бір миллион гектардан 2,7 миллион гектарға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Бір артықшылығы «Аңшылық зоо­өнеркәсібі» қорықшаны сол аумақтағы жекеменшік жер иелерінен жерді алып қоймай, қайта жер пайдаланушылардың қолданыстағы шаруашылық қызметін шектемей-ақ кеңейту жоспарлануда. Алға қойған мақсат орындалса жер де бүтін, жануарлар да аман, өсімдік те түгел болмақ....

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста