Әлеуметтік желілерде қонақтардың көңілін көтеру үшін арыстанның күшігін (абдан) ұстаған Шымкенттегі қонақ үйлердің бірінің әрекеті қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.
Қонақтар мен қонақ үй қызметкерлері жабайы аңмен фотосессиялар ұйымдастырған. Фотосуреттердің біріннен абданның шынжырға байланғанын көруге болады. 
Аталған жағдайға полиция түсініктеме берді.
"20 қаңтарда Шымкент қаласы ПД әл-Фараби АІІБ қызметкерлері аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Жағдайлар анықталуда және абданның орналасқан жері анықталды", - деді Шымкент қаласы полиция департаментінің қызметкері Ержан Пайызбеков.