"Қолшоқпар басшының бізге бес тиынға да керегі жоқ": Ақмола облысының тұрғындары ауданнан тағайындалған ауыл әкіміне қарсы шықты

"Қолшоқпар басшының бізге бес тиынға да керегі жоқ": Ақмола облысының тұрғындары ауданнан тағайындалған ауыл әкіміне қарсы шықты

Ауыл әкімдерін халық сайлайды деп отырғанда, Ақмола облысы, Целиноград ауданындағы Оразақ ауылына әкімді аудан басшысы тағайындамақ. Тіпті, халыққа өз кандидаттарын таныстырып та қойыпты. Бірақ оразақтықтар әкімнің адамын басшы қылып қоймаймыз, өз арамызда да әкім болуға лайық азаматтар бар деп қарсы болып отыр. Ал ауданның шенеуніктері сайлау туралы заң әлі күшіне енбеді, сондықтан біздің әрекетіміз заңды дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.    

Оразақтықтардың айтуынша, Целиноград ауданының әкімі өз аумағына әмірін жүргізуге әбден үйреніп алған секілді. Осыдан 1 ай бұрын ауылдың әкімін жұмыстан кетіріп, енді 9 маусымда өздері басқа әкімді тағайындамақ екен. Бірақ жиналғандар, "олардың адамына сенбейміз, әкімді халық ішінен сайлайміз" деп отыр.

 
"Біз өзіміздің елдің, осы елде туып-өскен адамды сайлағымыз келеді. Ауылдың азаматы әкім болсын. Ауылда тұратын азаматтар сайлансын. Бізге халықтың, елдің қамын ойлайтын адам керек. Бізге анау аудандық әкімдіктің қолшоқпары болған әкім бізге бес тиынға да керегі жоқ", - дейді Оразақ ауылының тұрғыны Серікбай Жаналинов. 

Халық қазіргі әкімдері Нұрлан Қасымбековтің де өз еркімен кеткеніне сенбейді. Сайлау туралы заң күшіне енбей тұрып, әкім-қаралар өз адамдарын қойып үлгеруі үшін әдейі істеп отыр дейді. Ал,ауысып келе беретін әкімдердің жұмысты жарытып жасап жатқандары жоқ дейді халық. Мәселен, қайта іске қосамыз деген 28 нысан 30 жылдан бері қаңырап бос тұр, көшелері ойдым-ойдым, мал жаятын жерлер жеке шаруаларға өтіп кеткен. Тұрақты жұмыс та жоқ. 

"Елдің жері ғой бұл. Сондай келеңсіз жағдайларға жаның ашиды енді. Не істейсің? Ызаң келеді шынын айтқанда. Халықпен ақылдаспай беріп жіберген, аудан айтты, болды солай болады деп айтқан", - деді Ақсақалдар алқасының төрағасы Асылбек Рамазанұлы.

Өкілеттілігі аяқталуға жақын қалғанда Оразақ әкімі Нұрлан Қасымбековтың жұмыстан кетуін жергілікті шенеуніктер әдейі жасалған әрекет деп санамайды. Әкім өзі кетті, енді 1 ай ішінде ол орынға жаңа әкімді тағайындауымыз керек деп түсіндірген жауаптылар дәл сұқбат жазарда күні кеше сайлауға түсейін деп отырған үш кандидат та өз еріктерімен бас тартқанын айтты. Енді амал жоқ, жаңа заң бойынша тамыздан кейін Оразақта сайлау өткізбек. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста