Қазгидромет: Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады
«Қазгидромет» РМК 9-11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының басым бөлігінде оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, солтүстік-батыста түнде – қар мен жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында кей кездері нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазақстанның солтүстік, шығыс облыстары ғана солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады. Осыған байланысты мұнда күн ашық болады және температураның біртіндеп көтерілуі мүмкін. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді», - делінген синоптиктердің хабарламасында. Шығыс Қазақстандағы тасжолдың 5 учаскесінде қар түсірілгені хабарланды.
ҚазАқпарат.