Қазақстанның 10 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет Қазақстанның он облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы, Қонаев қалаларында 10 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 20 метрге дейін жетеді.
Жетісу облысында, Алматы облысында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында өзендерде су деңгейінің көтерілуі күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында тұман күтіледі. Жолдарда көктайғақ күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі.
Алматы облысының батысында және оңтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің екпіні секундына 22 метрге дейін жетеді.
Жетісу облысында 10 наурызда түнде және таңертең таулы аймақтарда тұман күтіледі. Алакөл маңында шығыстан жел соғады, екпіні секундына 20 метрге, кейде 28 метрге дейін жетеді. Талдықорған қаласында да түнде тұман күтіледі.
Қостанай облысының солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстікте тұман. Облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 20 метрге дейін жел соғады.
Батыста Маңғыстау облысында және Ақтау қаласында тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Тау асуларында оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.