Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындаулар

Осы аптада Қазақстанның орталық атқарушы билігі мен мемлекеттік органдарында ауыс-түйіс орын алған жоқ, тек жекелеген өңірлерде жергілікті билікте және «ҚазАвтоЖол» мен «KAZNEX INVEST» ұлттық компанияларында бірқатар тағайындаулар болды. «ҚазАқпарат» Қазақстандағы жаңа кадрлық тағайындауларға шолуды назарларыңызға ұсынады.

Қызылорда қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, Нұрхан Жәлиев қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Нұрхан Бұхарбайұлы 1968 жылы 21 ақпанда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Жосалы кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін тарих және қоғамдық пәндер оқытушысы, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін заңгер, 2014 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін экономика және бизнес бакалавры; 1995-1998 жылы Қазақ мемлекеттік заң университеті, заң аспирантурасын мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, құқық және саясат ілімдері тарихы мамандықтары бойынша бітірген.
1984-1986 ж.ж. - Жосалы кенті Балалар мен жасөспірімідер спорт мектебінде еркін күрестен бапкер-оқытушы. 1988 ж. - Қармақшы ауданы, Балалар мен жасөспірімідер спорт мектебінің Ақжар ауылы филиалының жаттықтырушысы; 1994-1998 ж.ж. - Алматы қаласы, ҚазМЗУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының оқытушысы; 1998-2002 ж.ж. - ҚазМЗУ Қызылорда филиалы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары; 2002-2004 ж.ж. - ҚазМЗУ Қызылорда филиалының азаматтық-құқықтық пәндері кафедрасының менгерушісі; 22.06.-08.11.2004 ж. - Қызылорда қаласы, «Асар» республикалық партиясы» РҚБ Қызылорда филиалының партиялық ұйымдастыру жұмысы секторының басшысы; 06.01.-18.04.2005 ж. - Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің көмекшісі; 2005-2006 ж.ж. - Қармақшы аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі; 2006-2007 ж.ж. - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы; 14.05.-22.06.2007 ж. - Қызылорда қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы; 2007-2008 ж.ж. - «Астана-Брик» ЖШС Қызылорда қаласы өкілдігінің директоры; 10.04.-24.06.2008 ж. - «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы идеологиялық және қоғамдық-саяси жұмыстар бөлімінің бастығы; 2008-2010 ж.ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары; 2010-2011 ж.ж. - Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары; 2011-2013 ж.ж. - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы; 2013-2014 ж.ж. - Облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы төрағасының орынбасары; 2014-2015 ж.ж. - Облыстық дін істері басқармасының басшысы; 03.02.2015 ж.-қазіргі кезге дейін - «Сыр Медиа» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары.

Сонымен қатар, 25 шілдеде Германия Федеративтік Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып Рольф Мафаэль тағайындалды.
«Қазақстан Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының жоғарғы өкілі ретінде ол Германия мүддесін қорғайтын, елдегі барлық салада неміс-қазақ қарым-қатынасын қолдайтын елшілікті басқарады», - делінген дипломатиялық өкілдіктің таратқан хабарламасында.
Елші Рольф Мафаэль 1955 жылы Брухзаль (Баден) қаласында туған. Мектепті бітіріп, 1974-1980 жылдары Гейдельберг пен Берлинде құқықтануды оқыған. Екінші мемлекеттік сынақтан кейін Мафаель Мангеймге прокурор болып қызмет етті, ал 1985 жылы Сыртқы істер министрлігіндегі еңбек жолын бастаған. Женевада (1989-1993, қарусыздандыру бойынша Конференция делегациясы), Тегеранда (1993-1995), Еуропалық комиссияда (1995-1998) және Брюссельде Германия Федеративтік Республикасының НАТО-дағы тұрақты төрағалығындағы қызметтен кейін Р.Мафаель Германия Сыртқы істер министрлігіне саяси бөлім басшысының орынбасары ретінде қайта оралды.
Токиодағы (2002-2005) кезекті тағайындаудан кейін ол Берлинде еуропалық саясатты үйлестіру бойынша бөлімше басшысы, кейінірек Еуропалық департамент өкілі ретінде жұмыс істеді. 2012 жылдан 2016 жылға дейін Германия Федеративтік Республикасының Оңтүстік Кореядағы елшісі болып еңбек етті. Елші Р.Мафаель үйленген, бес баласы бар.

Уәкілетті мемлекеттік орган - ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің және жалғыз акционер - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АО келісімімен, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бұйрығымен бірқатар тағайындаулар жүргізілді.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Берік Желдікбаев тағайындалды.
Бұл қызметке дейін Б.Желдікбаев «ҚазАвтоЖол» Ақмола облыстық филиалының директоры болып еңбек еткен. Одан бұрын компанияның Жамбыл облыстық филиалында жұмыс істеген. Б.Желдікбаевтің құзіретіне республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының пайдаланылу мәселелері: күрделі және орташа жөндеу, автожолды ұстап тұру енетін болады.
Сонымен бірге, «ҚазАвтоЖол» Маңғыстау облыстық филиалының директоры болған Нұрланбек Өмірбаев компанияның бас инженері болып тағайындалды. Н.Өмірбаев құрылыс сапасын бақылау және автокөлік жолдарын қайта жаңарту, жобалық-сметалық құжаттарды дайындау мәселелеріне жетекшілік етеді.
Республикалық маңызы бар автокөлік жолдарын қайта жаңарту жұмыстарымен айналысатын желіні дамыту депаратментінің басшысы да өзгерді. Бұл міндет Ерлан Қалымовқа берілді. Е.Қалымов бұған дейін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ күрделі құрылыс басқармасының басшысы болған.

«Дос-Мұқасан» эстрадалық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі Мейірбек Молдабеков Аэроғарыш комитеті басшысының кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Кадр жұмысы департаментінің директоры Марат Иғали хабарлады.
«Молдабеков Мейірбек Молдабекұлы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды. Құтты болсын!» - деп жазады Марат Иғали.
Айта кетелік, Мейірбек Молдабеков ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары және ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Ол сонымен қатар, 1967 жылы құрылған «Дос-Мұқасан» эстрадалық вокальды аспаптар ансамблінің негізін қалаушылардың бірі.

Ыстамбұлда Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігінің «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі» АҚ өкілдігі аккредиттелді. Түркиядағы аталған құрылымның арнайы өкілі болып Нұриддин Аманқұл тағайындалды.

Түркиядағы Қазақстан Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, аталған тағайындауға байланысты Түркиядағы ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі Жансейіт Түймебаев Н.Аманқұлмен кездесу өткізді. Н.Аманқұл өзінің міндеті қазақстандық экономиканың басым бағыттарына тікелей инвестициялар тарту үшін жергілікті компаниялармен жұмыстарды ұйымдастыру екенін айтты.

Әңгіме барысында елші «KAZNEX INVEST» өкілінің назарын соңғы жылдары елшіліктің аталған бағыттағы жүргізген жұмыстарын сараптау арқылы аталған мәселені зерттеуге аудартты. Оған Елшіліктің қолдауымен жергілікті бизнесмендермен байланыс орнату мақсатында Қазақстанның компаниялары мен өңірлік әкімдік өкілдерінің сапарлары бойынша мәліметтерді жинау ұсынылды.

www.inform.kz/kaz/article/2931167 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста